Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығын аяқтады

7 Қараша 2024, 05:19
241
Бөлісу:
Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығын аяқтады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 11-ші саммиті қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның «TURK TIME!» ұранымен өткен ТМҰ-дағы төрағалығының нәтижелерін қорытындылады, оның аясында 80-нен астам іс-шара өткізілді. Ол сондай-ақ Ұйымның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан және біріктіретін рөлін атап өтті.

Сыртқы істер министрі ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестициялар, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктерін ерекше атап, Ұйым шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.

Отырыс барысында ТМҰ Саммитіне дайындық барысы талқыланды, сондай-ақ осы іс-шара шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобалары бекітілді.

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ Хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан байқаушы мәртебесіне ие.

Өзгелердің жаңалығы