Депутаттар Қаржылық мониторинг агенттігімен заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылады

7 Қараша 2024, 10:41
357
Бөлісу:
Депутаттар Қаржылық мониторинг агенттігімен заңнаманы жетілдіру мәселесін талқылады
Фото: ҚМА

Мәжіліс депутаттары ҚМА өкілдерімен кездесу аясында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда талдамалық құралдарды қолдану мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламенттің төменгі палатасының мүшелерімен кездесуде АЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманың ФАТФ стандарттарына сәйкестік мәселелері қозғалды.

Агенттік өкілдері мен Мәжіліс депутаттары елдің ұлттық заңнамасына әзірленген түзетулерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Депутаттарға халықаралық стандарттар мен ұсынымдардың талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік беретін қауіпсіз қаржылық ортаны қамтамасыз етуге және заңнаманы бұзу тәуекелдерін азайтуға бағытталған ҚМА жобалары мен бастамалары таныстырылды.  

Агенттік ұсынған инновациялық жобалар елдің кірістерді жылыстатуға қарсы жүйесінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар АЖ/ТҚҚ саласында тиімді заңнамалық шешімдерді енгізу үшін Агенттікпен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы