Еліміз жасыл авиаотын өндіреді

7 Қараша 2024, 00:30
301
Бөлісу:
Еліміз жасыл авиаотын өндіреді
Фото: Көлік министрлігі

Алматыда Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ACI EUROPE "Green Airports" компаниясымен бірлесіп ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік семинары өтуде.

Іс-шараға Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросының (EUR/NAT) директоры Николас Ралло, Еуропа әуежайлары халықаралық кеңесінің (ACI Europe) Бас директоры Оливье Янковец, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының, Қазақстан және Еуропа әуежайларының, авиакомпаниялардың өкілдері қатысуда.

ICAO «Green Airports» аймақтық семинары тұрақты авиациялық отынға (SAF) және басқа да таза энергия көздерін пайдалануға ерекше назар аудара отырып, көмірқышқыл газы аз әуежайларды дамытуға қатысты маңызды бағыттарды талқылауға мүмкіндік береді.

Қазақстан авиацияның қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған «Green Airports» ACI бастамасын белсенді қолдайды. Біздің еліміз БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын, Киото хаттамасын және Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясына 16-қосымшаны қоса алғанда, бірқатар халықаралық міндеттемелерді орындайды. Біз сондай-ақ ИКАО-ның 2050 жылға қарай халықаралық ұшулардан таза нөлдік шығарындыға қол жеткізу мақсатына деген міндеттемесіміз туралы айтамыз және осы бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Семинар авиация саласының таза энергия көздеріне көшуіне, тұрақты инфрақұрылым құруға және энергия тұтынуды азайту үшін әуежайлардың операциялық қызметін оңтайландыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа болып саналады. Әуежайлардың өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделуіне ерекше назар аударылады.

Өзгелердің жаңалығы