Есірткі жасырушылардың жазасы ауыр емес пе – судья жауап берді

7 Қараша 2024, 15:11
1521
Бөлісу:
Есірткі жасырушылардың жазасы ауыр емес пе – судья жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Жоғарғы соттың судьясы, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов "елімізде есірткі жасырушыларға жазаны жеңілдету керек пе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья мұндай қылмыс үшін адам 10-15 жылға сотталатынын айтады.

Мемлекет басшысысның тапсырмасы бойынша мұндай қылмыстар бойынша жауапкершілік күшейтілген. Осы есірткі жасырушылар басқа адамдарды улап, емделмейтін есірткі түрлеріне тәуелді еткенін, Қазақстанның болашағына нұқсан келтіріп жатқанын назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл тұрғыда жастар есірткі тарату мен жасыру қылмысына бармауы үшін профилактикалық жұмысты күшейту керек ойлаймын. Атап айтқанда, осы қылмыстардың бүкілі қасақана жасалған әрекет деп саналады. Адамдар есірткі жасыру қылмысына жаза күшейтілгенін біле тұра, барып жатыр.Осы жағдай адамның өзіне байланысты, яғни біліміне, құқықтық санасына, заңды мойындауына қатысты. Жастар үшін ақша табудың жолдары баршылық, еңбек биржасына жүгінуге болады, - деді Шәріпов Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Өзгелердің жаңалығы