«Шығыс» корпоративтік қорының басшысы 115 млн теңге "ұрлап" алған

7 Қараша 2024, 09:16
271
Бөлісу:
«Шығыс» корпоративтік қорының басшысы 115 млн теңге "ұрлап" алған
Фото: Арман Мухатов -архив

Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі.

Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деп күдіктелуде, - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы