Тығырыққа тірелген Украина-Ресей қақтығысын аяқтау керек – АҚШ сенаторы

7 Қараша 2024, 10:22
981
Бөлісу:
Тығырыққа тірелген Украина-Ресей қақтығысын аяқтау керек – АҚШ сенаторы
Фото: Марко Рубионың әлеуметтік желісінен

АҚШ-тың сенаторы Марко Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтату керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Today телеарнасына сілтеме жасап.

Меніңше, украиналықтар Ресейге қарсы шыққанда керемет батыл әрі күшті болды. Алайда түптеп келгенде, біз оларды қаржыландырып отырмыз. Қақтығыс тығырыққа тірелді және ол аяқталуы керек деп санаймын. Мұндай сәтте парасаттылық танытуымыз керек. Аймақты қалпына келтіру үшін Украинаға 100 жыл қажет, - деді Марко Рубио.

Сенатордың сөзінше, жаңа президент Дональд Трамп соғыстың аяқталғанын қалайды.

Украинаға келер болсақ, кім соғысты қалап отыр? Дональд Трамп мұның аяқталғанын қалайды. Әрине, кәсіпкер ретінде бұл мақсатқа жеткізетін тактика жасырын қалмақ. Өз басым қақтығыстың біткенін неге қаламайтынымызды түсінбеймін, - деді АҚШ сенаторы.

Кеше "Дональд Трамптың саяси ұстанымы қандай" атты шолу жазған едік. Онда сайлауда жеңіске жеткен Трамптың өміріне қатысты деректер айтылады.

Өзгелердің жаңалығы