Шымкентте полиция қызметкері қыздың өмірін сақтап қалды

7 Қараша 2024, 12:41
334
Бөлісу:
Шымкентте полиция қызметкері қыздың өмірін сақтап қалды
VIDEO
Фото: Шымкент ПД

Шымкент қаласы патрульдік полиция полкінің қызметкері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға кеше түнде болған. Жолайрықтағы көпірден секірмек болған қызды кездейсоқ куәгер көріп қалып, полицияға хабар берген. Кезекшілержақын жердегіпатрульдік автоэкипажды оқиға орнынажіберген.

Полицияның аға лейтенанты МейіржанБарат оқиға орнына бір жарым минут ішінде жеткен. Ол келген бойда көпір қоршауының сыртына шығып үлгерген қызды құтқарып, қауіпсіз жерге алып барған.

Жақын жерде болдым. Ойлануға уақытболмады. Көпір үстінде тұрған қызды көрген бойда, құтқарып қалуға асықтым. Үлгердім. Адамдарды қорғау бұл менің міндетім,- деді офицер.

Қазіргі уақытта қыздыңөмірі менденсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мейіржан Мұхтарұлының Ішкі істероргандарындағы еңбек жолы2019 жылы ІІМ Алматы академиясынбітіргеннен кейін басталды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінде төрт жылғажуық қызмет етеді. МейіржанМұхтарұлының әкесі де ішкі істер саласында қызмет еткен. Бала кезден әкесінің жұмысын көріп өскен бала мектеп бітірген соң, әке жолын қуып, осы салаға келеді.

Айта кетейік, бұл Шымкентполицейлерінің адам өмірін сақтап қалуы бірінші оқиға емес. Жыл басында болған оқиға көпшіліктің есінде болар. Ол кезде патрульдік полицияда жұмыс істейтін Нұрислам өзенге батып бара жатқан әйелді мұздайсудан алып шыққан еді.

Суға секіріп кеткен әйел туралы хабарламаалған бойда патрульдік экипаждереу оқиға орнына барған. Инспектор НұрисламҚұдайберген еш ойланбастан өзенге батып бара жатқан әйелдің киімінен тартып, әріптестерімен бірге судан алып шыққан болатын.

Ол судың қаншалықтысуық екенін сезбедім, ал әріптестерімнің көмегінсіз мүмкін аман алып қала аламас па едім. Ол кезде өзіңді ойлайтын мұрша болмайды. Өйткені, адам өмірітәуекелге тұрарлық, - деді тәртіп сақшысы.

Суға батқан әйел де зардап шекпеген, медицина қызметкерлерінің қарауына жіберілген.

Анықталғандай ол суға секіріп кеткен кезде мас болған екен.

Полицейлердің күнделікті жұмысы қауіп-қатермен оқыс оқиғаларға толы. Осыған қарамастан, тәртіпсақшылары азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығынқамтамасыз ету мақсатында риясыз қызмет атқарады.

Өзгелердің жаңалығы