Все новости за 17 шілде 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жас жауынгерлер әскери ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасының саптық алаңында екі жылдан астам үзілістен кейін оффлайн режимде жас жауынгерлердің әскери ант қабылдау салтанаты өтті.
-
Атырауда әткеншектің құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулет мәлім етті, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Металлургияны таңдаған әр адамның еңбегін ерекше құрметтейміз – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Әзербайжан мен Армения арасында қақтығыстан кейінгі алғашқы келіссөз өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Таулы Карабахта болған әскери қақтығыстан кейін қос ел арасындағы алғашқы келіссөз Тбилисиде өтті деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Әскери қызметші суға батқан адамды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қызметші Ескендір Қасымбай мен Түмен тұрғыны Полина Савельева Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Үлкен Шабақты көлінде қайғылы оқиғаның алдын алды.
-
Қазақстан шағын модульдік реакторлар бойынша бағдарламаға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық қауіпсіздік бюросының өкілдерімен кездесті.
-
Әлем елдерінде індет қайта күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус әлем елдерінде де қайта өршіп барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, соңғы 2 аптада науқастар саны 30 процентке өскен.
-
Ақтаулық жұмысшылар африкалық құтанға көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 шілдеде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Кәрім Мұсаев өрт сөндіру бөлімінің алдындағы бұтаға қонған үлкен қара құсты байқады.
-
Атырауда аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлады. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
-
Астанада бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті.
-
Кавказ тауларындағы мұздықтар тез еріп барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар осылай деп дабыл қағып жатыр. Кейінгі 20 жылда шыңдардағы мұз айдындарының 320 шаршы шақырым жері еріп кеткен.
-
Франция мен Испанияда орман өрттері өршіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде Францияның оңтүстік-батысында және Испанияда орман өрттері өршіп кетті деп хабарлайды Reuters.
-
Павлодар облысының әкімі Металлургтер күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбілқайыр Сқақов металлургтер қажырлы еңбегі арқылы өңірдің дамуына, жалпы ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келетінін атап өтті.
-
Қостанайдағы психикалық диапансерден қашқан науқастар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облыстық психиатриялық диспансерден қашып кеткен екі науқастың табылғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сарайшық қалашығынан орта ғасырдағы кәріз және жылу жүйесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы Сарайшық қалашығынан мыс және күміс теңгелер көмбесі де табылды.
-
Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық сотының мәліметінше, Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды.
-
Қытайдың оңтүстік-батысындағы су тасқынынан 22 мың адам зиян шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы су тасқыны салдары туралы Қытайдың Орталық телевидениесі хабарлады.
-
Грекияда жарылғыш зат тиелген Украина ұшағы құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Грекия аумағында украиналық әуе компаниясына тиесілі АН-12 ұшағы құлады.
-
Талдықорғанда құтқарушылар балконнан кіріп, үй иесін аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық Төтеше жағдайлар департаментіне Талдықорған қаласы Көктем шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйде газдың иісі сезіледі деген хабарлама келіп түсті.
-
Мерзімінен ерте піскен жемістер денсаулыққа қауіпті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында биыл жіті ішек инфекциясын 553 адам жұқтырған.
-
Шымкент-Ақтау рейсінің жолаушылары әуежайда бір тәулікке жуық уақыт бөгелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "FlyArystan" әуе компаниясының Шымкент-Ақтау рейсі жолаушыларының айтуынша, әуел бастан ұшу 15 шілде күні сағат 20:10-да жоспарланған деп хабарлайды Lada.kz.
-
Қазақстан мен АҚШ жоғары байытылған уранды азайту мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігінде АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің өкілдерімен зерттеу реакторларын жоғары байытылған уран отынынан төмен байытылған уран отынына конверсиялау және Қазақстанда жоғары байытылған уранды кәдеге жарату мәселелері бойынша кездесу өтті.
-
Шавкат Рахмоновқа Ақтаудан екі бөлмелі пәтер сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов Ақтауда екі бөлмелі пәтердің иегері атанды.
-
Қазақстан құрамасының шорт-тректен бас бапкері ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының бапкерлер штабындағы маңызды өзгерісті Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
-
Павлодарда үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының тұрғыны Айгүлім Қабиденова облыстық перинаталдық орталықта үш сәбиді дүниеге әкелді.
-
Дүйсенова елордалық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нұр-Сұлтан қаласының жастар ұйымдарының белсенді өкілдерімен және жас кәсіпкерлермен кездесті.
-
Талапкерлер педагогикалық, инженерлік және ІТ-мамандықтарды таңдап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқуға түскісі келетін талапкерлердің жартысынан көбі педагогикалық ғылымдар, инженерлік бағыт, өңдеу және құрылыс саласын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша білім беру бағдарламаларын таңдайды екен.
-
Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1546 адам жұқтырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
-
Елордада триатлоннан Азия чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-24 шілдеде Нұр-Сұлтанда триатлоннан U23 және U19 санатындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Бұл – үлкен айқас, бірақ мен үшін қарапайым жекпе-жек – Головкин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WBA Super, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқастан не күтетінін айтты. Бұл туралы Sports.kz порталы хабарлады.
-
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі.
-
БҰҰ-ның даму бағдарламасы жаңадан құрылған үш облыстың дамуына ықпал етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нью-Йоркте БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монаримен кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
-
Павлодар облысында жарты жылда 215 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жарты жылда 215 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Дзюдошы Шамшадин Хорватияда алтын медаль иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Мағжан Шамшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясындағы дзюдо турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.
-
Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру кезінде балалардың әл-ауқаты ескерілу қажет – ҰЭМ басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау: қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесіндегі серіктестік» тақырыбындағы сайд-ивентке қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
-
Әлинұр Хамзин Витебскідегі «Славян базарында» екінші орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас талант «Қазағым-ай» әнін орындады. Бірінші орынды Ресей өкілі алса, үшінші орынды Болгария мен Мексиканың жас әншілері бөлісті. Ал Беларусь Грант-при иегері атанды. Бұл туралы sputnik.kz жазды.
-
Белоусовка кентінде көпір құрылысы басталды – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа Белоусовка кентінде екі бірдей көпірдің құрылысы басталды, деп жазды altaynews.kz.
Наверх