Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды

17 Шілде 2022, 13:00
1188
Бөлісу:
Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық сотының мәліметінше, Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды. 

Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б.Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды, - деп хабарлады ведомство. 

Айта кетейік, 15 шілде күні Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда заңгер Бұрхан Жансейітовтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы