Талдықорғанда құтқарушылар балконнан кіріп, үй иесін аман алып қалды

17 Шілде 2022, 12:15
1108
Бөлісу:
Талдықорғанда құтқарушылар балконнан кіріп, үй иесін аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық Төтеше жағдайлар департаментіне Талдықорған қаласы Көктем шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйде газдың иісі сезіледі деген хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шақырту орнына ТЖД, газ қызметі, жедел медициналық көмек және полиция бөлімшелері жіберілді.

Шақырту орнына келген ТЖД қызметкерлері көп пәтерлі тұрғын үйді аралап барысында газдың иісі алтыншы қабаттағы пәтерден шығып тұрғаны анықталды, бірақ пәтердің есігін ешкім ашпады. Газдың таралуын тоқтату мақсатында ТЖД қызметкерлері пәтерге балкон арқылы кіру туралы шешім қабылдады.

Пәтер ішінде, төсекте 1985 жылы туған ер адам жатқан, ол құтқарылып, табиғи газбен улану белгілері бар екені байқалған соң, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, әрі қарай Талдықорған қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды.
Пәтер ішін барлау барысында табиғи газ шүмегі сәл ашылып тұрғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы