Атырауда әткеншектің құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

17 Шілде 2022, 18:27
1163
Бөлісу:
Атырауда әткеншектің құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулет мәлім етті, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

16 шілде күні сағат 22:30 шамасында балалар аттракционы балаларды отырғызып, сәлден кейін тоқтап, үзіліп кетеді. Сол жерде жедел-жәрдем шақырылған. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша тергеу жүргізілуде, - деді М.Ердәулет.

Ал, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова төрт баланың балалар ауруханасына түскенін, дәрігерден толық тексерістен өткен соң, жарақаттары жеңіл болуына байланысты үйлеріне жіберілгенін айтты. Десе де, балалар учаскелік дәрігерлердің бақылауында. 

Ата-аналардан қолхат алынды, олардың тарапынан шағым жоқ. Балалар үш күнге дейін біздің де бақылауымызда болады. Себеп-салдары тексеріс аяқталған соң қосымша хабарланады. Ойын алаңы әзірге жабылды, - деді «Керемет жағалау» балалар ойын алаңының басқарушысы Манас Серікқалиев.

Өзгелердің жаңалығы