Әлем елдерінде індет қайта күшейді

17 Шілде 2022, 16:30
1198
Бөлісу:
Әлем елдерінде індет қайта күшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус әлем елдерінде де қайта өршіп барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, соңғы 2 аптада науқастар саны 30 процентке өскен.

Бұл туралы Хабар24 жазды. 

Мәлімет бойынша әлемнің 110 елінде вирусты жұқтыру қайта жиілей түскен. Эпидемиологиялық ахуал Азия, Латын Америкасы және Таяу Шығыста нашарлағаны айтылады. Сарапшылар Еуропада да шектеулер алынып тастауына байланысты дерттің таралуы күшеюі мүмкін деп отыр.

Мамандар, әсіресе омикронның «БИ-Эй 4 және 5» деген өзгерген түрінің тез таралуына алаңдаулы. Мысалы, Чехияда соңғы бір аптада 2 мыңға жуық тұрғын вирус жұқтырған. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 4 есе көп. Жалпы дертке шалдыққандар бойынша АҚШ, Үндістан көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы