Шымкент-Ақтау рейсінің жолаушылары әуежайда бір тәулікке жуық уақыт бөгелді

17 Шілде 2022, 11:23
1620
Бөлісу:
Шымкент-Ақтау рейсінің жолаушылары әуежайда бір тәулікке жуық уақыт бөгелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "FlyArystan" әуе компаниясының Шымкент-Ақтау рейсі жолаушыларының айтуынша, әуел бастан ұшу 15 шілде күні сағат 20:10-да жоспарланған деп хабарлайды Lada.kz. 

Көп ұзамай ол 02:50-ге шегерілді. Техникалық себептерге байланысты рейс қайтадан 05:00-ге ауыстырылды.

Жолаушылар әуежайға келгеннен кейін оларға рейстің тоқтатылғаны туралы хабарланып, әуе компанияның ештеңемен көмектесе алмайтыны айтылған.

171 жолаушының 70-і билеттерді кері қайтарды.

Қалған адамдар наразылықтарын білдіре бастады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келді. Жолаушылардың айтуынша, полиция ешқандай әрекет жасаған жоқ.

Әуе компаниясының өкілдері жолаушылармен кездесті. Олар оларға 1800 теңге сомаға азық-түлік талондарын, сондай-ақ қонақүйден орындар берді.

"FlyArystan" өкілдері хабарлағандай, Шымкент-Ақтау рейсі 23:50-ге (Шымкент уақыты бойынша) тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы