Астанада бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті

17 Шілде 2022, 15:13
1364
Бөлісу:
Астанада бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті.

Бұл туралы CityTransportationSystems компаниясы хабарлады. 

Ұсынылған мәліметке сәйкес, Мәңгілік ел даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №№ 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 28, 30, 32, 35, 40, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 54, 56, 60, 61, 70 автобус қозғалыс бағытын уақытша өзгертеді. Компания азаматтардан өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр. 

Еске салайық, 16 шілде - 15 тамыз аралығында М-1 көпірінде жөндеу жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.

Өзгелердің жаңалығы