Все новости за 10 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ливан үкіметі толықтай отставкаға кетуге шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан ел үкіметінің толықтай отставкаға кеткенін жеткізді.
-
Абайдың "Қара сөздері" иврит тілінде жарық көрді
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Израильдің "Бейт Нелли" баспа үйі алғаш рет оның "Қара сөздерін" иврит тілінде басып шығарды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.
-
Абай өлеңдері грузин тіліне аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдері 175 жылдық мерейтойына орай грузин тіліне аударылды. Ал Тбилисидегі көшенің біріне хакімнің есімі беріледі. Бұл туралы Грузиядағы Қазақстан елшілігінің facebook-тегі парақшасында жарияланды.
-
Израильдік зергерлер алтын мен гауһар тастан медициналық маска жасап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдік зергерлер әлемдегі ең қымбат медициналық маска жасауда. Ол ақ алтын және бағасы 1,5 миллион долларды құрайтын әшекейленген қара және ақ гауһар тастармен қапталады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
-
Бейжіңдегі оқу орындары күзде ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектептер мен балабақшалар 29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өз жұмысын бастайды.
-
Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 тамызда Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" өкілдері хабарлады.
-
Антонио Бандерас туған күнінде коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы актер өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
-
Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан дипломаттары Ресейде Абайды еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дипломаттар Абайдың 175 жылдығын Ресей астанасында атап өтті. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Үкіметтік емес ұйымдарға грант беру жөніндегі өтінім 31 тамызға дейін қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi 1 шілдеден бастап ҮЕҰ арналған "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заңына сәйкес (білім және ғылым, мәдениет және спорт, денсаулық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, еңбекпен қамыту, әлуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, азаматтық қоғам саласын дамыту) салалары бойынша сыйлықақы беру жөнінде өтінімдерді қабылдау жүргізуде.
-
Ұлт ұстазы ұлықталған күн
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ойшыл, дана білгір, адамзаттың асқары, ұлттың ұстазы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы жалпыхалықтық сипат алған, барша халқымыз үшін мәні терең, мәртебесі биік мереке.
-
Түркістанда жыл соңына дейін 81 көше толық жөндеуден өткізіледі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық мәжілісте өңірдегі құрылыс қарқыны мен Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою барысы жайлы айтылды.
-
Қызылорда облысында қарақұйрықты заңсыз атқандар ұсталды
Биыл 8 тамызда сағат 21:15 шамасында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Ақбөкен ауылынан батыс бағытта "Охотзоопром" ӨБ" инспекторлары регистрациялық нөмірі 084 SCB 05 автокөлігін ұстады.
-
Шымкентте "Shymkent bike" жобасы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында үлкен магистралды көшелерге веложолақтар салынып жатыр. Жұмыстар толығымен аяқталар болса тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде қала аумағында пайлануына мүмкіндік туады.
-
Еріктілер мен экобелсенділер Сарыоба көлінің маңын қоқыстан тазартты
Бұл шара "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасы аясында өтті, деп хабарлайды
елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Индонезияда 400 жыл бойы тыныш жатқан жанартау атқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияда Синабунг жанартауы атқылап жатыр, деп хабарлады Reuters.
-
Карантинге қарамастан жұмыс істеген мейрамханаларға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанның мониторинг топтары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстанда ХҚКО жұмыс уақыты ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің кейбір облысында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды.
-
Зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
-
Сотталғандар Абайдың алып портретін салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтулы күнге Тараздағы ЖД-158/7 мекемесі де өз үлесін қосты.
-
Өңірде 200-ге жуық педагог жетіспейді – Маңғыстау облысының әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жаңа оқу жылы қарсаңында білім мәселесіне қатысты брифингке қатысып, салаға қатысты сұрақтарға жауап берді.
-
Назарбаев Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
-
Елорда ЖРВИ маусымына дайын ба? – Көлгінов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындарын карантин кезеңінен кейін де сақтық шаралары мен санитария нормаларын барынша сақтауға шақырды.
-
Көшербаев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Нұр-Сұлтандағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Еуропа лигасы: "Қайрат" пен "Ордабасының" қарсыластары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасының бірінші раундының жеребесі тартылды.
-
Біз Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді – АҚШ елшісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды 10 тамыз - Абай күні деп белгіленген ресми мерекемен құттықтады.
-
Алматыда коронавирусты емдеген жеке клиника жауапқа тартыла ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Желіде белсенді талқыланып жатқан осы мәселемен Денсаулық сақтау министрлігі таныс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.
-
Абай күні: Тоқаев ақынның мұрасын насихаттағандарды наградтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың ресми сайтында Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы жарияланды.
-
Қазақстанда жыл сайын миллионға жуық адам тұмау және ЖРВИ-ге шалдығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
Сенат сайлауының алдында соңғы дайындықтар пысықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясы алдағы 12 тамызға белгіленген Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына дайындық мәселесі бойынша отырыс өткізді.
-
Мысырда Абайдың 175 жылдығына орай вебинар өтті
Алматы, BAQ.KZ. Мысыр елінде Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен "Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл философ Абайдың туғанына 175 жыл" атты вебинар өтті.
-
Елімізде Кавасаки синдромымен үш бала ауырып жатыр – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан балалар саны - 114, олардың үшеуінен Кавасаки синдромы анықталған.
-
Алматылықтар Абай туралы фильмдерді ашық аспан астында көре алады
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін ұлы ақын және ағартушының мерейтойын тойлау аясында Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы әртүрлі жылдары түсірілген фильмдер кеші өтеді. Бұл туралы "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шілде айынан бері ауруханалардағы жатын орындар 60% босады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
8,7 млрд теңгенің 91 түрлі дәрі-дәрмегі өңірлерге жөнелтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
Абай мұрасына жүректің көзімен қарайтын күн – Бас мүфти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз бойынша 10 тамыз Абай күні деп белгіленді. Әрине, бір күнмен бүкіл Абай мұрасын халықтық деңгейде насихаттай алмаспыз. Әйткенмен де, осы Қаулының өзі біз күткен игі істің бастамасы деп қабылдадық.
-
Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтады – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
-
40 мыңға жуық адамның мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты 3-16 тамыз аралығында 7887 азаматқа мүгедектік мерзімі автоматты түрде үш айға ұзартылды. Бұған дейін карантин кезеңінде 31 963 қазақстандыққа мүгедектік мерзімі үш айға ұзартылған болатын.
-
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Абай әр қазақтың қойын дәптеріндей жанынан қалмауы тиіс құндылық – профессор
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 10 тамыз ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл ақынның туғанына 175 жыл толуына орай республика көлемінде және ТМД халықаралық бағдарламалар шеңберінде жыл басынан бері қаншама іс-шаралар атқарылып келеді.
-
Абайдың ұлынан тараған жиеншары: Абай – қазақтың намысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абайдың ұлы Ақылбайдан тараған жиеншары Ләйлә Баймағамбетова "Qazaqstan" телеарнасындағы "Tansholpan" бағдарламасында қонақта болып, бүгінгі Абай күнінің белгіленуі зор қуаныш болғанын айтады.
-
Пандемия басталғалы қоғамға қажет екенімді түсіндім – жас дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия жарияланғалы дәрігерлер тілсіз жаумен үздіксіз күресіп келеді. Алғы шепте жүргендіктен қауіпті індетті алғашқылардың бірі болып жұқтырып, арасында көз жұмып кеткендері де бар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем қызметі №12 станцияның фельдшері Нұрбақыт Қайып. Жас маманның бұл жұмысқа кіргеніне 4-5 ай болғанда әлемде пандемия басталған. Алайда ол еш үрейленбестен тілсіз жаумен күреске белсене кірісіп кеткен.
-
Абай-175. Түркістан облысында онлайн іс-шаралар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысында қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Жеңіс" саябағында "Адамзаттың Абайы" атты мерекелік жиын өтеді.
-
Тоқаев Лукашенконы Беларусь Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Түзеу мекемесінде де Абай күні аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай жазасын өтеушілер арасында шығармашылық кеш өтті.
-
Елордада 123 шақырым веложол салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 123 шақырым веложол салу жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты.
-
Абайды танып бағасын беру үшін әлемдік әдебиетті де зерделеп отыруымыз керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырған "Адамзаттың Абайы" атты абайтанушылардың халықаралық онлайн форумы барысында айтты.
-
Елорда тұрғындары "Көзімнің қарасын" шырқады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Көзімнің қарасы" әнін түрлі саладағы мамандар мен эстрада жұлдыздары орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 8 облысында және Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
-
"Гарант-24 Ломбардтың" менеджері Оралда ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті ер адам 9 тамыз күні түнде қамаққа алынды, деп жазды mgorod.kz сайты.
-
Елордада халықаралық жарыстарды өткізетін жаңа спорт кешені дайын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бірнеше спорт кешені қайта жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты.
-
Көкшетау айналма жолындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жолдарды орташа жөндеуден өткізуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Жамбыл облысындағы ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастар ем алған стационарлар жабылуда. Соңғы науқастардың емделіп шығуына байланысты инфекциялық және провизорлық ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшуде, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Польшада Абай бейнесі бар марка айналымға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада Абай Құнанбайұлының бейнесі бар пошта маркасы пайда болды, деп жазды 24.kz сайты.
-
Қазақта қанша Абай Құнанбайұлы бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы деп жазылатын 31 адам тұрады.
-
Шымкентте қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады, деп хабарлайды Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
-
"ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталары шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
-
Алматыда екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын мәлімдеді.
-
Минскіде наразылардың бірі қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Беларуссиядағы наразылық шарасы кезінде белсенділердің бірі қаза тапты. Жас жігітті автозак қағып кеткен және тағы төрт адам жансақтау бөліміне түскен. Бұesponл туралы korrdent басылмы жазды.
-
Жаңаөзенде деструктивті діни ағымның өкілдері ұсталды – ҰҚК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
-
Көлгінов: Биыл елордада өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар оқу орындарының құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістан облысында 260 армян көлігі тіркеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының тұрғындары Армениядан әкелінген 260-тан астам автокөлікті тіркеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Беларусь елінде сайлаудан кейін наразылық акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларуссиядағы президенттік сайлау аяқталғаннан кейін наразылық акциялары басталды. Оның соңы полициямен қақтығысқа ұласып кетті. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
-
Сенат төрағасы: Абай мұрасы – білікті ұрпақ тәрбиелеудің негізі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде алғаш рет ресми түрде аталып өтіп жатқан Абай күнімен құттықтады.⠀
-
Елімізде коронавирус жұқтырған 25 650 адам ем қабылдауда – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 650 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 105 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
-
Бүгін абайтанушылардың халықаралық онлайн форумы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 10-тамызы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Абай күні деп бекітілді.
-
2 млн 250 мыңнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі жағдай бойынша шілдедегі шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың бірегей өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Министр қазақстандықтарды Ұлы Абай күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 10 тамыз – Ұлы Абай күніне орай қазақстандықтарды құттықтады.
-
Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасын ластағандарға айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігі осы демалыста жергілікті әкімдік пен ІІМ-мен бірге адамдар демалатын жерлерге рейд жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
-
Әлем елдері Ливанға көмек жібереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон Ливанға көмектесу жұмыстарын үйлестіру бойынша «донор елдер» жиынын өткізді, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Дүйсенбі, 10 тамызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбі, 10 тамыз күні елімізде ауа райы құбылмалы болады. Оған елдің басым бөлігіндегі оңтүстік циклонның әсері бар, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Өткен тәулікте 250 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 250 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде тұңғыш рет Абай күні тойланады. Осыған орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай – рухани реформатор" атты мақаласы Egemen Qazaqstan газетінде жарық көрді.
-
Елімізде өткен тәулікте 741 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикада өткен тәулікте 741 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Наверх