Израильдік зергерлер алтын мен гауһар тастан медициналық маска жасап жатыр

10 Тамыз 2020, 22:15
2028
Бөлісу:
Израильдік зергерлер алтын мен гауһар тастан медициналық маска жасап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдік зергерлер әлемдегі ең қымбат медициналық маска жасауда. Ол ақ алтын және бағасы 1,5 миллион долларды құрайтын әшекейленген қара және ақ гауһар тастармен қапталады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

18 карат ақ алтыннан тұратын маска 3600 ақ және қара гауһар таспен өрнектеледі және тапсырыс берушінің қалауы бойынша N99 жоғары сапалы фильтрмен жабдықталады, – деп мәлімдеді дизайнер әрі зергерлік фирманың иесі Исаак Леви. 
Бұл бағалы маскаға тапсырысты АҚШ-та тұратын қытайлық бизнесмен берген. Ол зергерлерге екі шарт қойған: тапсырыс жылдың соңына дейін дайын болуы және әлемдегі ең қымбат маска саналуы тиіс. Зергерлердің айтуынша, аталған бағалы бұйымның салмағы шамамен 270 грамды құрайтын болады – бұл қарапайым медициналық маскалардан 100 есе ауыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Гонконг университетінің ғалымдары атжалмандарға тест жасау арқылы коронавируспен күресте медициналық маскалардың жоғары тиімділігін дәлелдеп берген еді. 




Өзгелердің жаңалығы