Еуропа лигасы: "Қайрат" пен "Ордабасының" қарсыластары анықталды

10 Тамыз 2020, 17:39
1264
Бөлісу:
Еуропа лигасы: "Қайрат" пен "Ордабасының" қарсыластары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасының бірінші раундының жеребесі тартылды.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері - Алматының "Қайраты" Арменияның "Ноа" клубымен жолығады. Бұл команда былтырғы маусым өз чемпионатында екінші орын алған. Аталған матч 27 тамызда Алматыда өтеді.

Еуропа лигасының іріктеу ойындары көрерменсіз өтеді. Егер аталған қалада коронавирусқа байланысты жағдай ушығып тұрса, ойын бейтарап алаңға ауысуы мүмкін. 

"Қайрат" үшін алдағы Еуропа лигасының іріктеу кезеңі осымен тоғызыншы рет болмақ. Былтырғы маусымда Алматы клубы доданы екінші айналымнан аяқтаған.

Қазақстанның қола жүлдегері - Шымкенттің "Ордабасы" командасы алғашқы раундта Румынияның "Ботошани" клубымен жолығады. Жеңімпаз бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. 

Бұл ойын 27 тамызда Румынияда өтеді. Матчқа көрермендер қатыспайды. 

"Ордабасы" еурокубоктағы жорығын 2013 жылы бастаған. Бұған дейін бес рет бақ сынаған. Оның үшеуінде жарысты бірінші раундтан аяқтаса, екі рет екінші кезеңге дейін жеткен.

Өзгелердің жаңалығы