Беларусь елінде сайлаудан кейін наразылық акциясы басталды

Беларусь елінде сайлаудан кейін наразылық акциясы басталды
1360

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларуссиядағы президенттік сайлау аяқталғаннан кейін наразылық акциялары басталды. Оның соңы полициямен қақтығысқа ұласып кетті. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Ең үлкен наразылық Минск қаласының орталығында өтті. Онда тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерді тарату үшін флеббангтар қолданды. Бірнеше адам жарақат алған.

Беларусь Ішкі істер министрлігі бұл жағдайды бақылауда деп отыр. Бірақ әртүрлі жерлерде қақтығыстар жалғасып жатыр.

Наразылықтар мен қақтығыстар тек Минскіде ғана емес, басқа қалаларда да өтіп жатқаны хабарланды.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы