Абайдың ұлынан тараған жиеншары: Абай – қазақтың намысы

10 Тамыз 2020, 14:47
1785
Бөлісу:
Абайдың ұлынан тараған жиеншары: Абай – қазақтың намысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абайдың ұлы Ақылбайдан тараған жиеншары Ләйлә Баймағамбетова "Qazaqstan" телеарнасындағы "Tansholpan" бағдарламасында қонақта болып, бүгінгі Абай күнінің белгіленуі зор қуаныш болғанын айтады.

Абай – қазақ үшін киелі бұлақ көзі. Абай – қазақтың намысы. Абайды терең оқу керек деп ойлаймын. ХХ ғасырдың басында Алаш ақыны Мағжан Жұмабаев: "Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
"Қор болды қайран сөзім босқа!"- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!", - деп қалай дөп түскен, - деп еске алды Ләйлә Баймағамбетова.
Сұхбат барысында ұлы ақынның ұрпақтары қаншалықты жиі бас қосып тұратыны әңгіме болды.
Мағауияның қыздарымен мен тығыз байланыста болдым.  Біз Абайдың 150, 160, 165 жылдықтарында үнемі кездесіп тұрдық. Қазір ақынның шөпшегі Айдар Бахфурұлы Алматыда тұрып жатыр. Эрнст Бахфурұлынан Айдос деген ұлы бар, ол да Алматыда тұрады, - дейді Ләйлә Баймағамбетова.

Сұхбат соңында Ләйлә Баймағамбетова ақын бабасының бір өлеңін оқып берді.

Өзгелердің жаңалығы