Карантинге қарамастан жұмыс істеген мейрамханаларға айыппұл салынды

10 Тамыз 2020, 19:16
1331
Бөлісу:
Карантинге қарамастан жұмыс істеген мейрамханаларға айыппұл салынды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанның мониторинг топтары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтанда 7-9 тамыз аралығында мониторинг топтары карантин тәртібін бұзудың бірқатар дерегін анықтады. 7 тамыздағы рейд барысында "Гаухартас" мейрамханасы мен "Ориент клаб" спа-салонында карантин режимі сақталмағаны анықталды. Оларға айыппұл санкциялары салынды. 

013948b4272af57d6d37c3f7900edeaa.jpg

9 тамызда мониторинг тобы кешкі аралау барысында полиция қызметкерлерімен және Есіл ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Tequila лаундж-барында және "Гинза" мейрамханасында карантин режимі бұзылғанын анықтады. Тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, осы нысандардың басшыларынан түсініктеме алынды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тексерушілер "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу" бабы бойынша материалдарды беру және әкімшілік хаттаманы ресімдеу үшін баянат жасады. 

Байқоңыр ауданын аралау нәтижесінде "Понаехали" барында және "Наливали" дүкенінде тәртіп бұзушылық анықталды. Мобильді топ мүшелері нысандардың меншік иелерімен бұзушылықтарды жою туралы түсіндірме өткізді.

Өзгелердің жаңалығы