Абай күні: Тоқаев ақынның мұрасын насихаттағандарды наградтады

10 Тамыз 2020, 17:08
1745
Бөлісу:
Абай күні: Тоқаев ақынның мұрасын насихаттағандарды наградтады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың ресми сайтында Президенттің Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы жарияланды.

Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:

II дәрежелі "Достық" орденімен
Америко Эдельсио Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы
Ганем Халед Ас-Саид Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы
Кибар Зафер жазушы, Түркия Республикасы
Кошут Леонард әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы
Манн Джейн Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
Мәжит Ақбар
жазушы, Қытай Халық Республикасы
Пряхин Георгий
     Владимирович
Орыс әдебиеті академиясының
вице-президенті, Ресей Федерациясы
Пуиг Мария Санчес Мадридтегі "Комплутенсе" университетінің профессоры,
Испания Корольдігі
Хачатрян Шушан Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы
Хуанчжан Ха аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы
Шатқам Қажымұхамет жазушы, Иран Ислам Республикасы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы