Все новости за 14 мамыр 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Бабақұмаров: Азаматтық қоғамды қалыптастыруда ҮЕҰ-ның рөлі маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн-байланыс режимінде қалалық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесу өткізді.
-
Ангела Меркель хакерлікке байланысты Ресейге ескерту жасады
Бундестагта сөйлеген Меркельдің айтуынша, Германия прокуратурасында Ресейдің осы шабуылға қатысы барын дәлелдейтін қажетті айғақтар бар.
-
Қырғызстанда болған жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 мамырда Алматы уақытымен 22 сағат 16 минутта жер сілкінісін тіркеді.
-
Маңғыстаулықтар Мақтааралға үшінші рет көмек жіберді
Екінші гуманитарлық көмек 9 мамыр күні Ақтау қаласынан және Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия аудандарынан жіберілді. 2 фура және 14 газель автокөліктерімен жалпылай есептегенде 70 тоннаға жуық гуманитарлық жүк мақтааралдықтарға жөнелтілді.
-
Мектеп бітіру кештерін өткізуге тыйым салынды
"Соңғы қоңырау" салтанатты жиындары мен мемлекеттік емтихандар өткізілмейді. Аттестатқа қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады.
-
"Нұрлы жер". БҚО-да 4600 баспана тұрғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 523 мың шаршы метр немесе 4600 баспана тұрғызу міндеті тұр, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстан мен Моңғолия Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді
Онлайн-келіссөзге Монғолияның салалық мемлекеттік органдары мен екі елдің Төтенше және Өкілетті елшілері қатысты.
-
Сардоба су қоймасына техникалық аудит жасаймыз - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі басшысы Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті.
-
Жезқазғанда 158 пәтер пайдалануға беріледі - әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған өңірінде болып "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Нұрлы жер" бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
-
Еліміздің күш құрылымдары отандық өндірістің құралдарымен жабдықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 14 мамырында Орал қаласында «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясына қарасты "Зенит" зауытында жасалған қалқымалы айлақты суға түсіру рәсімі болып өтті.
-
Тоқаевтың атынан жалған аккаунт ашылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жалған аккаунт ашылғандығы туралы хабарлады.
-
55 адам жазылды. Елімізде сауыққандар саны 2500-ден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 55 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
"Азия Авто" келісім бойынша өнеркәсіптік міндеттемелерін орындамаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Азия Авто" АҚ және "Азия Авто Қазақстан" АҚ кәсіпорындары келісім бойынша өнеркәсіптік құрастыру туралы міндеттемелерін орындамады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жылдамдықты бақылаудың жаңа әдісі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы аумағында патрульдік автокөліктердің үстінде орналасқан сигналдық дыбыс шығаратын құрылғының (СГУ) ішінде орнатылған бес “Ekin PATROL” мобильдік кешен қызмет етеді.
-
"ҚазАгро" топансудан зардап шеккендердің қарызының пайызын кешіреді
Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдарынан келген бар көмектерін көрсетуде.
-
Top Rank маусым айында бокс кешін өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы маусым айында бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.
-
Алматыда асханалар мен мешіттер қашан ашылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қонақүй кешендерін, қоғамдық тамақтану және діни ғимараттарының нысандарын 25 мамырдан бастап, кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
-
Коронавируспен күрес: Дүниежүзілік банк Қазақстанға 27 млн доллар бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік банк коронавируспен күрес үшін Орталық Азия елдеріне 370 миллион долларға жуық қаражат аударды. Оның 27 млн долларын Қазақстанға бөлді.
-
Елордада 230 млн шаршы метрден астам аумақ масаға қарсы өңдеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада маса, шыбын-шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция жалғасуда.
-
Мақтаарал: Су басқан ауылдарда тазалау жұмыстары жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында тасқын судың астында қалған мал өлексесі сыртқа шығарылып, арнайы пеште өртелуде. Зиянды қалдықтарды 1200 градус температуда өртейтін пеш Нұр-Сұлтан қаласынан алдырылған.
-
Түркістанда су шайған көпірлер қалпына келтірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай жарияланған Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде.
-
Автомобиль зауытында мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай автомобиль зауытындағы "Chevrolet" маркасының жаңа үлгілерін құрастыратын Қазақстан-Өзбекстан бірлескен желісінде жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны ашылады.
-
Қарулы Күштерде алғашқы ПТР-зертханасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 ғана емес, сонымен қатар басқа да инфекциялардың түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін Қазақстан Қарулы Күштерінің алғашқы ПТР-зертханасы пайдалануға берілуге дайын, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
-
Қалааралық автобустарға қашан рұқсат беріледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов қалааралық автобустарға неге рұқсат берілмей жатқанын айтты.
-
Асқар Мамин "Бәйтерек" холдингі директорлар кеңесінің отырысын өткізді
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің 2019 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі алдын-ала бекітілді.
-
Коммуналдық төлем: Енді пәтер жалдап тұратындарға да өтемақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Үкімет делегациясы Атырау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, "Теңіз" кенішіндегі жұмысшыларды шығару мен Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселелеріне қатысты кеңес өткізді.
-
1 маусымнан бастап пойызбен жүретіндер ескеретін маңызды талаптар белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов 1 маусымнан бастап жүретін пойыздарға мінетін жолаушылар ескеру тиісті талаптарды айтты.
-
Коронавирус: Тағы 68 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 68 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.
-
Митинг туралы заңнаманың кең ауқымда қаралуы өзге заңдар үшін алғышарт – саясаттанушы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бейбіт шерулер туралы заңнаманы Сенат Мәжіліске қайтадан қайтарып беріп отыр. Онда 16 өзгерістер туралы баса айтылды. Бұл туралы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов тілдесу барысында айтты.
-
Тоқаев бірнеше заң қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
"Birgemiz" қоры мақтааралдықтарға көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қор Мырзакент кентіндегі 20 үйдің құрылысына 340 млн теңге бөлмек.
-
42 500 теңге: Азаматтар төлем бойынша 330 мыңнан астам сұраққа жауап алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 мамырдағы жағдай бойынша 42 500 теңге көлеміндегі төлемге 696,4 мың өтініш келіп түскен.
-
Алматыдағы медицина мекемелеріне 70 мың респиратор маска берілді
Алматы, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекция жағдайларында медициналық персоналды қорғауды күшейту жобасының аясында “Шеврон” компаниясы Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығымен бірге Алматы қаласындағы медициналық мекемелерге 70 мың респиратор маска тапсырды.
-
COVID-19: Ультракүлгін сәуле вирусты жойып жібере ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында медицина ғылымдарының докторы, ҚР жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева көпшіліктің көкейінде жүрген "Ультракүлгін сәуле вирусты жойып жібереді екен" деген түсініктің қаншалықты рас екеніне тоқталды.
-
Қарин: Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы – нәтижелі диалогтың нақты мысалы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook-тегі парақшасында митинг туралы заңға қатысты пікірін білдірді.
-
Саясаттанушы: Митинг туралы заң қоғамда ашық талқыланды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сенат ұсынған түзетулерде бейбіт шеруге жиналатындардың құқығын арттырып, жиындарды ұйымдастыруды жеңілдететін нормалар бар. Бұл туралы саясаттанушы Жанар Тулиндинова аталған заңға қатысты пікір білдіру кезінде айтты.
-
Түркістан облысында тағы төтенше жағдай жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып кетті.. Осы жағдайға байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылды.
-
Бір-екі күн ерте қимылдағанның арқасында вирустың таралуын тұсаулай алдық – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында медицина ғылымдарының докторы, ҚР жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешова Қазақстандағы коронавирустық жағдай өзге мемлекеттерге қарағанда едәуір жақсы екенін айтты.
-
Отандық кәсіпкерлер үшін қолдау аясы кеңейіп келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Самұрық-Қазына" қоры дағдарыс кезінде Президенттің тапсырмасына сәйкес, ел экономикасының нақты секторын қолдауға бағытталған сатып алу тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихаты барысында Қор Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов айтты.
-
Атырау полицейлері 4 күн бұрын жоғалған баланы тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 жастағы жасөспірімнің үйдегілерге айтпастан, аудан орталығынан 100 шақырым жердегі Қарабау ауылындағы атасының үйіне жиі кетіп қалатын әдеті бар екен.
-
Митинг туралы заң еліміздегі саяси процестерді либерализациялауға бағытталған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасы еліміздегі саяси процестерді либерализациялауға бағытталған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова тілдесу барысында айтты.
-
Пара алып, адамдарды блок-бекеттен өткізіп жүрген әкімшіліктің жетекші мамандары ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде блок-бекеттен адамдарды заңсыз өткізіп жүрген Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері қолға түсті.
-
Еуропада екпе жасаудың өз күнтізбесі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақта иммунизациялау жүйесі жақсы ұйымдастырылған деп жазды "Хабар 24".
-
Көлгіновтің қарамағындағы шенеунік 20 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы мен тағы бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
-
Ғалымдар қатерлі ісік ауруын жоятын диета ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Италия ғалымдары арнайы диета С дәруменімен бірге обырды өлтіруі мүмкін деген жаңа дәлелдерді ұсынды. Бұл туралы PressRoom жазады.
-
Митинг туралы заң халық үніне құлақ асудың басты аспектісі – Ерлан Саиров
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сенат митинг туралы заңды Мәжіліске қайтарды және ары қарай ұштау мәселесін алдыға қойып отыр. Менің ойымша бұл өте дұрыс. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров тілдесу барысында айтты.
-
Байбек сайлауалды тізімге қандай жастар ұсынылуы керектігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы тапсырмасы бойынша "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты.
-
Оқу-жаттығу жиындары, спорттық жарыстар қашан басталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы" атты онлайн брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев спорттық жарыстардың қашан басталатынына қатысты пікір білдірді.
-
Атырау облысында 25 жұмысшы Covid-19 індетін жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңіз кенішіндегі үш науқас Үндістан азаматы, деп хабарлады Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
-
Шымкенттегі Елтай тұрғын алабында жауыннан кейінгі қауіп сейілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауған жауынның салдарынан су басқан Елтай тұрғын алабына арнайы барды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
-
Ауыт Мұқибек: Бұл – дәуірбөлгіш оқиға болды
Ең басты жаңалық деп "Оралман" атауының "Қандас" деп өзгертілуін мақтанышпен атап өтер едім.
-
2025 жылға қарай спорттық құрылыстардың санын 30 мыңға жеткізу жоспарланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы" атты онлайн брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спорттық инфрақұрылымның дамуына қатысты пікір білдірді.
-
Жолаушыларды шығарып салушылар теміржол вокзалына кіргізілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктің бас мемлекеттік санитарлық инспекторы Сәдуақас Байғабылов Қазақстандағы ішкі тұрақты теміржол қатынасын қалпына келтіруге қойылатын негізгі санитарлық-карантиндік талаптар туралы айтты, деп хабарлады zakon.kz.
-
600 мыңға жуық адамды спортпен айналысуға тарту жоспарда бар – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы" атты онлайн брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
-
COVID-19. Қашықтан оқытудың тиімділігі 100% деп айтуға келмейді – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. COVID-19 індетінің білім саласына тигізген әсері туралы Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің адами капитал жөніндегі бағдарламалар басшысы Сусанна Айрапетян онлайн брифинг барысында айтып берді.
-
Бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді жоспар әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы" атты онлайн брифинг барысында айтылды.
-
Коронавирус: Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер Қостанайға келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 мамырда Қостанай қаласына вахталық әдіспен жұмыс істеген "Теңізшевройл" кәсіпорнының қызметкерлері барады. Олардың бәрі Қостанай облысының тұрғындары.
-
Сенат ТЖ кезінде Президенттің өкілеттілігін кеңейту жөніндегі заң жобасын қабылдады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қабылданды.
-
Жапония мен Пәкістаннан коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жапониядан Қазақстанға жалпы сомасы 12 мың АҚШ долларын құрайтын 12 200 дәрі-дәрмек түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істері министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Франция қайтадан карантинге жабылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон министрлер кеңесінің отырысында елге қатаң оқшаулау режимін қайтарылуына дайын болу қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Синьхуа.
-
Бейбіт жиындар өткізу жөніндегі заң жобасы толықтыруға жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Сенат отырысында Бейбіт жиындар өткізу жөніндегі заң жобасы қаралып, оны әлі де толықтыруды қажет ететіні айтылды.
-
Коронавируспен ауырғандар да донор бола ала ма?
Плазма донорларына жеті АЕК (шамамен 20 мың теңге) төлейтін болады
-
Біртанов: Бірде-бір заң бұрын-соңды мұндай ашық және ауқымды талқылаудан өтпеген
Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде жасалмайды
-
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің гуманитарлық көмегін тәжік тарапына ресми түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Коронавирус індеті көптеген салаға зардабын тигізді – Мәулен Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде індетпен күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Президентіміздің тапсырмасымен дер кезінде қажетті шешімдер қабылданып, нақты шаралар жүзеге асырылды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі Сенат отырысында айтты.
-
Елордада жаңа ойын алаңдары қай жерде салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын күндері Нұр-Сұлтанда 145 аулаларды абаттандыру басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Сеулден 156 отандасымыз ұшып келді
Жүк пен әуе кемесі арнайы дезинфекциялық өңдеуден өтті
-
Өскeмeндe көлiк aғынын aзaйтaтын жaңa жoл сaлынaды
Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тiлшiсi. Биыл Өcкeмeндeгi "сaқaлды құрылыcтaрдың" бiрiнe aйнaлғaн Пoнтoн жәнe Ертic көпiрлeрi aрaлығындaғы aвтoкөлiк жoлдaрының қaйтa жөндey жұмыcтaры aяқтaлaды.
-
Елорда мектептерінде қандай цифрлық жобалар қолданылуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа цифрлық жобалар пәндерді жақсы түсінуге және оқушылардың білім жүйесіне деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
"Шығынға ұшырадық" деп дабыл қаққан құс фабрикасы мемлекеттен 5 млрд теңге субсидия алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Іле ауданындағы құс фабрикасының иелері БАҚ-қа банкрот салдарынан өндірістерінің тұралап тұрғандығын айтқан болатын. Анығында олар соңғы 5 жылда мемлекеттен 5 млрд теңге көмек алған.
-
Өткен тәулікте 154 адам коронавирус індетімен ауырған
Қазақстанда өткен тәулікте 154 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
-
Шымкентте 60 үйдің ауласын су басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 мамыр күні сағат 19.14-те Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келген.
-
Әл-Фарабиге қызыл империяның көзімен қарауды доғару керек – Жалғас Садуахасұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әл-Фарабиді жалаң материалист етіп үйрететін қызыл империализмнің саясатымен жазылған кітаптарды қойып, ғалымның өзі жазған нұқсадағы кітаптардан тікелей сусындау – заман талабына айналды.
-
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 14 мамыр күнгі ауа сапасы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Париж көшелеріне зарарсыздандырғыш автоматтар орнатылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде коронавирустың таралуымен күрес күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Отандық тракторлар бастапқы жарнасыз беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде тракторлар мен комбайндарды жаңартуды қаржыландыру бойынша "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қаржы-экономикалық негіздеудің кейбір мәселелері туралы" № 282 бұйрығына қол қойды, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.
-
600 мұқтаж отбасыға азық-түлік қорабы таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған "Жүрек жылуы" қайырымдылық керуені елордада жалғасын тапты. Акция аясында Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 600 мұқтаж отбасыға азық-түлік қорабы таратылды.
-
Елордадағы жаңа инфекциялық орталық заманауи талаптарға сай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір орталықта 300-ге жуық адам жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Солтүстік Қазақстанда заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында балық аулаудың тәртібін бұзу бойынша 140 дерек тіркелді.
-
Мешітте намаз оқуға қандай талаптар қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 мамырдан бастап еліміздегі барлық мешіттер арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады.
-
Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасы эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағатта Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үй аулаларына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті.
-
Түркістанда ауылдарды жаңбырдың суы басып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбекші ауданының Елтай елді мекенінде қатты жауын-шашын салдарынан өзен суы тасыды. Салдарынан 60 тұрғын үйдің аулаларын су басып және 3 шаруашылық нысан қирады. Бұл туралы ТЖК хабарлады.
-
Бас мүфти: Мешіттерді ашамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 18 мамырдан бастап еліміздегі барлық мешіттердің арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатынын айтты.
Наверх