Сеулден 156 отандасымыз ұшып келді

14 Мамыр 2020, 09:55
1326
Бөлісу:
Сеулден 156 отандасымыз ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сеулден бортында 156 қазақстандық бар ұшақ Павлодарға келді. 

Бүгін  Павлодар әуежайына Токио-Сеул-Павлодар бағытымен ұшып келген эвакуациялық  борт қонды. Әуе кемесіндегі барлық жолаушылар біздің отандастарымыз. Токиодан ұшар алдында азаматтар термометриядан өтті, келген кезде арнайы костюм киген эпидемиологтар, медициналық қызметкерлер мен барлық қажетті қызмет мамандары қарсы алды, - делінген хабарламада.
Іс –әрекет алгоритміне сәйкес, шетелден келгендер арасында  анкеталау мен термометрия жүргізілді,  оларға қорғаныш бетперделері берілді. Жүк пен әуе кемесі арнайы  дезинфекциялық өңдеуден өтті.  

Барлығынан  COVID-19 ға талдау алынды, нәтиже алынғанға дейін жолаушылар  карантинді  госпитальде болады.
156 адамды тасымалдау үшін 7 автобус ұйымдастырылды, олар  полицияның сүйемелдеуімен межелі орынға жеткізілді. 

Коронавирусты  инфекция белгілері анықталған жағдайда  пациенттер  инфекционды госпитальға жіберіледі.
Өзгелердің жаңалығы