Жапония мен Пәкістаннан коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

14 Мамыр 2020, 12:07
1188
Бөлісу:
Жапония мен Пәкістаннан коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жапониядан Қазақстанға жалпы сомасы 12 мың АҚШ долларын құрайтын 12 200 дәрі-дәрмек түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істері министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, препарат жаңа типтегі коронавирусты емдеу үшін қолданылады. Гуманитарлық жүк Scat авиакомпаниясының арнайы рейсімен жеткізілді және оны одан әрі медициналық мекемелер арасында бөлу үшін "СК-Фармация" ЖШС-не берілді.

Пәкістан үкіметі Қазақстанның Исламабад қаласындағы елшілігіне коронавирустық инфекцияны емдеуде қолданылатын 60 мың гидроксихлорохин таблеткаларын жіберді, - делінген баспасөз қызметі хабарламасында. 

Сонымен қатар, препараттар жақын арада Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілетін болады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Пәкістан мен Жапония үкіметіне достық қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы