Top Rank маусым айында бокс кешін өткізеді

14 Мамыр 2020, 20:42
1517
Бөлісу:
Top Rank маусым айында бокс кешін өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы маусым айында бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді.

Бокс кеші 9 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі мүмкін. MGM ойын-сауық кешенінде өтеді деп жоспарланған кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBO чемпионы Шакур Стивенсон өнер көрсетеді.

Боб Арумның айтуынша, бокс кешін ұйымдастыру ESPN-мен бірге жүзеге асады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлыда орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар.

Ол 28 наурыз күні ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі қажет болатын, алайда коронавирустың кесірінен бокс кеші өтпей қалды.

Өзгелердің жаңалығы