Париж көшелеріне зарарсыздандырғыш автоматтар орнатылуда

14 Мамыр 2020, 07:44
1357
Бөлісу:
Париж көшелеріне зарарсыздандырғыш автоматтар орнатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде коронавирустың таралуымен күрес күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қала билігі 5 аптаның ішінде көшеге қолды зарарсыздандырғыш автоматтарды орналастыру жобасын дайындады. Бағдарламаны қала мэриясы халықаралық сыртқы жарнама компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Автобус аялдамалары мен қоғамдық орындарда 2 мыңнан астам автомат орнатылмақ.

Қаланы жаңа аппараттармен бір айдың ішінде қамтамасыз ету көзделіп отыр. Қазір саяхатшылар арасында танымал орындардың барлығында аппараттар қойылған.
Індетпен күресте мұндай аппараттың пайдасы өте зор болатынына сенімдімін. Жобаны қала билігімен бірлесіп жүзеге асырамыз. Азаматтар да қалыпты өмірге мейілінше тез оралуды қалайтыны белгілі, – дейді  сыртқы жарнама бірлестігінің бас директоры Жан-Шарль Деко.


Өзгелердің жаңалығы