Оқу-жаттығу жиындары, спорттық жарыстар қашан басталады?

14 Мамыр 2020, 13:44
2551
Бөлісу:
Оқу-жаттығу жиындары, спорттық жарыстар қашан басталады?
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы" атты онлайн брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев спорттық жарыстардың қашан басталатынына қатысты пікір білдірді. 

Наурыз айында ҚР Бас санитариялық дәрігері ұсыныс бергеннен кейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылдың жартыжылдығына жоспарланған барлық жарыстарды тоқтатты. Облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары, балалар, жасөспірімдерге арналған, дарынды балаларға арналған спорт мектептеріндегі жұмыстардың барлығы тоқтатылған еді. Қазір халықтың көкейінде жарыстар, оқу-жаттығу жиындары қашан басталады деген сұрақ тұр. Біз мемлекеттік комиссияның және ҚР Бас санитариялық дәрігерінің талаптарын басты назарға алып отырмыз. Бас санитардың 10 мамырда шыққан қаулысында спорттық бағыттағы барлық жарыстарға әлі де рұқсат жоқ. Жарыстардың басталу мерзімі пандемияның тұрақталуына байланысты. Өздеріңіз білетіндей, жағдай әзірге тұрақталған жоқ, - деді ол.

Серік Мұратұлы министрлік тарапынан ұйымдастырылған "Бір біргеміз! Алға, Қазақстан!" атты онлайн жаттығудың халық арасында үлкен қолдау тапқанын айтты.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің бастауымен түрлі онлайн жаттығулар ұйымдастырылды. Карантин кезінде түрлі челлендждер басталып, оны спорттық ұйымдардың жалғастырып жатқаны қуантты. Жалпы, 100 мыңнан астам адам онлайн жаттығуға қатысты. Оның ішінде халықтың қызығушылығын арттырған жоба ағайынды боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың жаттығуы болды.Сондай-ақ, дзюдошыларымыздың онлайн жаттығулары да халық тарапынан қолдау тауып жатты. Осыдан-ақ спортсүйгіш адамдардың карантин кезінде немен айналысқанын байқауға болады, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бұқаралық спортты дамытуға арналған кешені жоспардың әзірленіп жатқанын әзірлніп жатқанын және 2025 жылға қарай қарапайым спорт құрылыстарының санын 30 мыңға жеткізу жоспарланғанын айтқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы