Назарбаев: Қауіпсіздік Кеңесі – өте маңызды мемлекеттік орган

23 Қаңтар 2020, 23:10
1841
Бөлісу:
Назарбаев: Қауіпсіздік Кеңесі – өте маңызды мемлекеттік орган

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік Кеңесі еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қауіпсіздік Кеңесі – елдің ішінде де, одан тысқары да қауіпсіздік мәселелерін талдайтын және қарауға ұсынатын өте маңызды мемлекеттік орган.  Оның құзырына құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет елдермен қарым-қатынас және елдің қорғаныс қабілеті сияқты мәселелер кіреді. Сонымен бірге, құқық қорғау жүйесінің реформасына көңіл бөліп, соңына дейін жеткізу маңызды, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Ә.Исекешев елдегі қазіргі жағдай туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы