Нұр-Сұлтан қаласында 32 әуе рейсі кешіктірілуде

23 Қаңтар 2020, 11:26
1524
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласында 32 әуе рейсі кешіктірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолайсыз метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайда 32 әуе рейсі кешіктірілуде. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен бірге, 17 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай жатыр. 

Атап айтқанда, Air Astana әуе компаниясының 9 рейсі (олардың ішінде Омбы, Ташкент, Мәскеу мен Киев қалаларына бағытталған халықаралық бағыт), Qazaq Air әуе компаниясының Алматы және Қостанай қалаларына 2 рейсі, Fly Arystan әуе компаниясының Павлодар және Қостанай қалаларына арналған 3 рейсі, SCAT әуе компаниясының Ұлан-Батыр, Алматы және Ақтөбе қалаларына бағытталған 3 рейсі, LOT Polish әуе компаниясының Варшаваға бағытталған 1 рейсі кешіктірілген.

Қолайсыз метеожағдайға байланысты әуежайда 15 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай отыр. Мәселен, Air Astana әуе компаниясының 7 рейсі, Qazaq Air әуе компаниясының 2 рейсі, Fly Arystan әуе компаниясының 2 рейсі, сонымен бірге LOT Polish, Lufthansa, Turkish Airlines және SCAT әуе компанияларының бір-бір рейсі. Боранның көтерілуіне байланысты әуе сапарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кемелерін мұздауға қарсы өңдеуге рұқсат берілмейді, - делінген хабарламада. 

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Өзгелердің жаңалығы