Шекарашылар інісінің төлқұжатымен жүрген жолаушыны ұстады

23 Қаңтар 2020, 21:38
1947
Бөлісу:
Шекарашылар інісінің төлқұжатымен жүрген жолаушыны ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Түрім айта береді, өзім қырықбестемін" деген адам шындығында алпысты алқымдап қалыпты, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Оны анықтаған Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаң теміржол" өткізу пунктінің шекара наряды.

Бүгін, түнгі сағат екі шамасында "Ақтөбе-Орал" бағытындағы №613 жолаушылар пойызын тексерген шекарашылар 1974 жылы туған Қазақстан азаматының төлқұжатын ұсынған адамды ұстады. Себеп – жолаушының түрі төлқұжаттағы фотосуретке ұқсағанымен 46-ға толмаған ер адам үшін тым егде көрінген еді. Шекарашылардың қырағылығының нәтижесінде күдік дәлелденді. Әрі қарайғы тексеру барысында 45 жастағы Русланның төлқұжатымен сапарға шыққан оның туған ағасы, 59 жастағы Үсен екендігі анықталды, - делінген хабарламада.

Істі Мәртөк ауданы бойынша құқық қорғау органдары қарастыратын болады.


Өзгелердің жаңалығы