Ертең елордада вирусқа қарсы ведомствоаралық оқу-жаттығу өтеді

23 Қаңтар 2020, 14:15
2000
Бөлісу:
Ертең елордада вирусқа қарсы ведомствоаралық оқу-жаттығу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең, яғни 24 қаңтарда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда ведомствоаралық оқу-жаттығу өтеді. 

Бұл туралы брифинг барысында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты. 

Қазіргі таңда өзіміз жаттығу жасап жатырмыз. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ертең барлық ведомстволардың іс-әрекеттерін қарау үшін арнайы жаттығу өткіземіз. Көріп отырсыздар, ауру тарап жатыр. Вирус Қытайдың аумағынан сыртқа шығып жатыр. Сол себепті алдын-алу шаралары мен бақылауды күшейттік. Біз байқаумыз керек, баға беруіміз керек. Біздің уәкілетті органдар қалай іс-қимыл жасайды. Осы жаттығудың 3 нұсқасы бар. Мысалы, ұшақта ұшып бара жатқан кезде. Әуежайдан түскен соң қашықтық термометриясы арқылы анықталған кезде. Екінші жағдай, науқас адам көбінесе қайда барады? Әрине, медициналық ұйымдарға барады. Дәрігерлер қандай алгоритмдерге сүйеніп жұмыс істейді. Жедел станцияны шықыру керек және дәрігер өзін қорғауы тиіс. Арнайы ережелерді үйретеміз, - деп хабарлады Бас санитариялық дәрігер. 

Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме жұмыстарын жүргізіп жатыр. 6 қантарда Бас санитариялық дәрігердің қаулысы бойынша барлық әуежайларға қашықтық термометриясы енгізілді. Қытайдан келе жатқан жолаушылар сол құрылғыдан өтеді.

Айта кетейік, Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа байланысты шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық бақылау шаралары күшейтілді. Еліміздің Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы арнайы дәрі-дәрмек жоқ екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы