Все новости за 17 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Абай-175. Есеп комитеті ерекше шара өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есеп комитетінде Абайдың 175 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері күніне арналған байқауға қатысушылар марапатталды.
-
Қызылорда облысына 4 жедел жәрдем көлігі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін облысқа ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.
-
Балқаштың мыс балқыту зауыты тексеріліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы бойынша экология департаменті Балқаштың мыс балқыту зауытын тексеруді бастады. Инспекторлар экоревизияны 10 күн өткізеді. Мыс балқыту және Конвертерлік цехтардың технологиялық жабдықтарын тексереді.
-
"Астана" Еуропа лигасынан шығып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық "Астана" клубы Еуропа лигасынан да шығып қалды. Бұл команда Алматының Орталық стадионында "Будучност" командасымен кездесіп, жеңілді.
-
Алматы облысында 13 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында биыл пайдалануға беру жоспарланған 13 дәрігерлік амбулатория салынып жатыр.
-
Экспорт. Шығыстың әлеуеті шектеусіз
Жергілікті кәсіпкерлермен қазақстандық өнімдерді экспортқа шығару мәселелерін талқылап, мемлекеттік қолдау шаралары, сыртқы нарықтарға жеткізу жасау мүмкіндіктері туралы айтылды.
-
Шоранов шығыста жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов іссапармен Шығыс Қазақстан облысына барды. Вице-министрдің төрт күндік сапары аясында бірқатар медициналық нысанды аралау, облыстағы медициналық қауымдастықпен кездесулер өткізу жоспарланған.
-
Әділбек Қаба: Әліпбиді латын графикасына көшіру қорытынды кезеңге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Түркі әлемі: тілдік ахуал, латын әліпбиі және әдістеме» тақырыбында онлайн режимде халықаралық семинар-кеңес өткізді.
-
Қазақстанда құрылыс бағасы арзандайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті енгізген тетіктер есебінен арзандату жүргізіледі.
-
СІМ-де Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы онлайн режимде өтті.
-
"Қарағанды-Балқаш" күрежолы жыл соңында пайдаға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Шет ауданына кезекті жұмыс сапарымен барып қайтты. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
МСҚ: Медициналық қызметтердің сапасы сын көтермейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиаланың сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
-
Мойынқұмда із-түзсіз жоғалған баланы тапқан азамат марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу мен Меркі аудандары аумағында жүріп жатқан «Қарасора - 2020» жедел алдын алу шарасының барысымен танысты.
-
ACA 111 турнирінің промо-ролигі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ACA 111 турнирінің промо-ролигін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
-
Солтүстік өңірлерде құс тұмауына қарсы вакцинация жүргізіледі – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі
-
Жеке үйлердің жылыту пештері талаптарға сай ма? – ТЖМ рейд жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша елордадағы жеке түрғын үйлерге рейд жүргізді.
-
Қарулы Күштерге 6700-ден астам қазақстандық шақырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 17 мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарлануда, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
-
Жамбылда қарасора өңдейтін зауыт салынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Шу ауданында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезектен тыс көшпелі отырысы өтті.
-
Асқар Мамин Түрікменстанның Президентімен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ашхабад қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.
-
8 айда 69,8 млн тонна көмір өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2020 жылдың 8 айында 69,8 млн тонна көмір (көмір концентратын есептемегенде) өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1% - ға артық (69,1 млн тонна).
-
Ақтау мен Үргеніш арасында әуе рейсін ашу жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақтау-Үргеніш-Ақтау» бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет яғни демалыс күндері қатынайды деп жоспарланған.
-
Үкіметте мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен онлайн-режимде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласын жақсарту мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды Рrimeminister.kz
-
Өткен жылы жылыту мерзімі кезінде 5 мыңға жуық өрт тіркелді – ТЖМ
Елімізде 15 тамыздан бастап қысқы мерзім қарсаңында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.
-
Еуропа мен Азия елдерінде індет қайтадан өрши бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі коронавирус пандемиясының екінші толқыны туралы айтып, алматылықтарды санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырды.
-
Қауіпті желілер: Деструктивті діни ағымдар адам арбауды жалғастыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіл әлемде пандемияға байланысты түбегейлі өзгерістер болып, көптеген қызмет түрі онлайн режимге өткені белгілі.
-
«Еңбек»: Кентауда 4 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласында биыл 8 айда «Еңбек» бағдарламасы аясында 3979 адам жұмыспен қамтылды.
-
Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа сайланған Премьер-министрін құттықтады
Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа сайланған Премьер-министрі Ёсихида Сугаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда газ тарифі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер бұрын газдың текше метрі 60 теңге болса, әкімдік орталық уәкілетті органдармен бірге ақшаны үнемдеу мақсатында оны төмендету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
-
Түркітілдес елдердің парламентшілері мерейтойлық кездесуге әзірленуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті.
-
Емханаға тіркеу: Атырау тұрғындарына 20 медұйым қызмет көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бүгінгі күні 651 703 тұрғын бар. Оның 647 837-сі емханаларда тіркеуде тұр.
-
COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды.
-
Қазақстандық стартап жер учаскесін табу мәселесін шешіп береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылжымайтын мүлік объектілерін жоспарлау және құрастыру кезіндегі маңызды сәт - жер учаскесін таңдау.
-
Еуропалық қайта құру және даму банкі жаңа жобаға 30 млн доллар бөлмек
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Еуропалық қайта құру және даму банкі шағын бизнес пен жеке тұлғаларға да қолжетімді болатын несиелеуге 30 млн доллар көлемінде қаржы бөлмек.
-
Ақмолада алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ қызметкерлері прокуратурадағы әріптестерімен бірігіп бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.
-
Көшербаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн режимінде ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
-
Алматыда ер адам көпірден секіріп, көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ер адам өз-өзіне қол салды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасына құқық қорғау органдары тексеріс жүргізуде
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына байланысты тексеріс жүріп жатыр.
-
2025 жылы бала туатын әйелдердің саны азаяды – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Ләззат Сүлеймен стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдады.
-
Павлодар облысында ауыл әйелдерінің форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан әйелдерінің форумы бүгінде ел бойынша ең ауқымды қозғалысқа айналды. Ол 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Бүгін дәстүрлі форум Павлодар облысында онлайн форматта өтті.
-
Шымкентте Qyrgy bazar аумағы ұлғаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған QYRGY BAZAR аумағында осының барлығы болады.
-
Қазақстандық ЖОО дипломдары Еуропада жарамды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңартылған қосымшалары бар диплом беріледі.
-
Есіл өзені қаншалықты таза?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Есіл өзені қаншалықты таза? Бүгін «Қазгидромет» РМК өкілдері елордадан өтетін өзеннен сынама алды.
-
Алматыда Телемедицина орталығы ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн брифинг барысында айтты.
-
Оқушылар арасында әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушылар мен студенттер арасында әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өткізіледі. Шығармалар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
СҚО аудандарында құс тұмауына байланысты карантин енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында құс тұмауының өршуіне байланысты карантин шаралары енгізіледі. Тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы шектеледі, деп хабарлады BaigeNews.kz.
-
СҚО тұрғыны қырманнан 10 тоннадан астам бидай ұрлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шал ақын ауданында ЖШС бірінде шарт бойынша жұмыс істейтін МАЗ автокөлігінің жүргізушісі қырманнан 10 тоннадан астам бидайды тиеп шығарған, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Қазақ журналистикасы неге тәуелді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Қазақ тілді интернет ресурстардың өзекті мәселелері» атты онлайн форматта сараптамалық кездесу өтті.
-
Көлігіне жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жалған нөмірмен жүрген көліктердің 41 жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Сыбайлас жемқорлық көріністері басым. Сенатор тұрақтандыру қорына шүйлікті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Ақылбек Күрішбаев тұрақтандыру қорларының тиімділігіне күмән келтірді. Себебі онда сыбайлас жемқорлық көріністері басым.
-
Коронавирустан жазылғандарға да маска тағу маңызды – Алмаз Шарман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавируспен ауырған болсаңыз да маска тағып, әлеуметтік қашықтықты ұстануыңыз керек. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты.
-
1,5 мыңнан астам қазақстандық салықты түзету сервисін пайдаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп, әр қазақстандыққа үйден шықпай-ақ өз көлік құралы бойынша деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін түзету сервисін іске қосты.
-
Тұмау басталса, оны коронавирустан ажырату қиын болады – Алмаз Шарман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тұмау мен коронавирус қабаттасып кетсе, қиындық туындайды. Сондықтан әлем дәрігерлері қазірден тұмаудың алдын алуға көңіл бөліп, оған қарсы екпе салдыруды ұсынып отыр. Бұл туралы Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында айтты.
-
Димаштың әндері адам жанын емдейді – шетелдік психолог
Алматы, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген - әлемдік құбылыс. Бұл туралы Ливан университетінің ғылым докторы, клиникалық психология және психотерапия пәнінің оқытушысы, Ливандағы музыкотерапияның негізін қалаушы Хамда Фархат RadioPax-ке берген сұхбатында айтты.
-
Ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын әзірлейді – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша комиссияның отырысында айтты.
-
Елімізде сатып алынған әрбір екінші көлік - отандық өнім – Атамқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан машина жасаушыларының кезекті VIII форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов саладағы өндіріс көлеміне тоқталды.
-
Ақтөбелік абақтыға бауырсаққа жасырылған телефон кіргізбек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі тергеу абақтысында бауырсаққа жасырылған телефон тәркіленді. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Ашық диалог» порталына келетін қылмыстық іске қатысты өтініштер көпшілікке жасырын болуы тиіс - ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша комиссияның отырысында айтты.
-
Ол жылдар бойы қордаланды. Сенатор білім беру саласындағы мәселелерді қозғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұхтар Құл-Мұхаммед білім беруге байланысты мәселелерді айтып, премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.
-
Дербес деректер қалай қорғалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің өкілі Руслан Әбдіқалықов ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша комиссияның отырысында айтты.
-
Сенат депутаттары заң жобасын Мәжіліске қайтарып жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлық туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы Сенаттан Мәжіліске қайтарылды.
-
«Ашық үкімет» порталдарының жұмысына халықтың қатысуы төмен – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ашық үкімет» порталдарының жұмысына халықтың қатысуы төмен. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпаратқа қолжетімділік мәселелері бойынша комиссияның отырысында айтты.
-
«Ашық үкімет» қалай түрленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қолжетімділік мәселелері бойынша комиссияның отырысы барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Диас Қазбекұлы айтты.
-
Мақтааралда мақта терімі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ алтынның» отаны саналған Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды.
-
Жыл басынан бері машина жасау ісінде 16%-ға өсім байқалды – Роман Скляр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан машина жасаушыларының кезекті VIII форумында сөз алған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жаңа онлайн форматта өтіп отырған кездесудің жүйелі өтетініне сенім білдірді.
-
Президент Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумына қатысушыларды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев оқып берді.
-
Ақтауда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Көшет отырғызылатын аумақтың жалпы көлемі 960 метрді құрайды. Көшеттің 160 мыңы жапырақты және 160 қылқан жапырақты.
-
Әскери байланысшылардың жауынгерлік дайындығы тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында шартты қарулы қақтығыстар кезеңінде байланыс жүйесін өрістете отырып, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшыларының оқу-жаттығулары өткізілуде.
-
Елордада Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астанада Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы жұмысын бастады.
-
Нығматулин мен ТүркПА бас хатшысы ынтымақтастық әлеуетін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті.
-
Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда және Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік әкеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келушілерге қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Швейцариядан Қазақстанның 390 млн теңгеден астам қаржысы қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
-
ЭЫДҰ: Коронавирустан келген шығын 2021 жылдың соңында 7 трлн долларға жетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың аяғында коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты әлемдік экономикаға келтірілген жалпы шығын 7 трлн долларға жетеді, дейді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас экономисі Лоранс Бун.
-
Коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 263 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
-
СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауының ошақтары табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында (Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев) ағымдағы жылдың 9-16 қыркүйек аралығында әртүрлі үй құстарының өлімі тіркелді.
-
Бородулихада Мәдениет үйінің әртістеріне сахналық киімдер сатып әперілді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Бородулиха ауданында бірнеше мәдениет нысаны қайта жөндеуден өтіп, орталық Мәдениет үйінің әртістеріне жаңа сахналық киімдер сатып әперілді.
-
ТМД Әуе күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесінің басқару органдары мен кезекші күштерінің жауынгерлік әзірлігін тексеру аяқталды.
-
Алматы дәрігерлері туғанына 10 күн болған сәбиге ота жасады
Алматы, BAQ.KZ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында дәрігерлер жаңа туған нәрестеге өмірінің 10-шы күнінде ота жасады. Балаға туабітті жүрек ауруы, аортаның сыни коарктациясы диагнозы қойылған.
-
Бүгін Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қыркүйекте еліміздің барлық қаласында метеорологиялық ахуал қалыпты болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
БҰҰ бас хатшысы пандемияны «бақылау қиындағанын» ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ. Коронавирус пандемиясын бақылау қиындап барады, вакцина өздігінен дағдарысты жоя алмайды. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Өткен тәулікте 188 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 188 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 72 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 72 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Қашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ. Атырау облысында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы жоба инвесторы «GPCInvestment» ЖШС компаниясының өкілдері қоғамдық тыңдау кезінде хабарлады.
-
Франциядағы Ренн университетіне «Абайтану» пәні енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ. Франциядағы Ренн университетінде «Абайтану» пәнін енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
«Тур де франс»: «Астана» көшбасшысы 17-кезеңнің жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ. «Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Түркістан облысында екі күнде 47 дебат өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ. Түркістан облысында 14 және 15 қыркүйекте праймериз аясында 47 жария пікірсайыс өткізілді, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалының баспасөз қызметі.
-
Қарағанды саябағындағы көлде құстарға қалқымалы үйшік қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ. Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы үлкен көлде үйректерге арналған үйлер пайда болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Елімізде ең арзан ұн, сүзбе, май және сәбіз Павлодарда тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ. Елімізде ең арзан ұн, сүзбе, май және сәбіз Павлодарда тіркелген. 2020 жылғы тамыздағы статистикаға сәйкес, республиканың 18 қаласының арасында Павлодар қаласында азық-түлік тауарларының Үкімет айқындаған 19 позициясы бойынша бағалар орташа республикалық мәндерден төмен.
-
Павлодар облысынан жыл сайын 5 мыңға жуық адам көшіп кетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысынан жыл сайын 5 мыңға жуық адам көшіп кетеді.Қазіргі уақытта өңірде 752,4 мың адам тұрады. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева мәлім етті.
Наверх