Димаштың әндері адам жанын емдейді – шетелдік психолог

17 Қыркүйек 2020, 12:30
5183
Бөлісу:
Димаштың әндері адам жанын емдейді – шетелдік психолог
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген - әлемдік құбылыс. Бұл туралы Ливан университетінің ғылым докторы, клиникалық психология және психотерапия пәнінің оқытушысы, Ливандағы музыкотерапияның негізін қалаушы Хамда Фархат RadioPax-ке берген сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында ол Димаштың дауысы мен орындау шеберлігіне тоқталып, оның әндері сырқат адамдарды емдейтінін айтты.

Хамда Фархат 2-3 жыл бұрын Димаштың SOS атты әнін тыңдаған. Ол кезде орындаушыны да, әннің атын да білмеген. Алайда Димаштың дауысына тамсанып, адамдар осылай орындай ала ма деп таңғалған. Доктор музыкотерапиямен айналысатындықтан әлемнің әр түкпіріндегі елдердің музыкасын тыңдайды, бұл - оның жұмысының бір бөлігі. Сондықтан әншінің орындауы оны бірден баурап алған. 

Димаштың дауысы ғана емес, оның орындау техникасы да таңғалдырды. Өйткені ол бір әннің өзінде бір вокалдық техникадан екіншісіне үйлесімділікпен ауыса біледі. Кейін сырқаттанып жатқан анамның жанында отырғанымда интернеттен 5 октавалы дауыс деген клипті байқадым. Өтірік шығар деп ашып едім, онда Димаштың «Уставшие лебеди» әні болды. Сол кезде бұл мен іздеп жүрген есімі белгісіз әнші екенін бірден таныдым. Содан бері оны зерттеп, оның әлемдік құбылыс екеніне көз жеткіздім, - дейді доктор.

Сонымен қатар ол Димаш музыкаға жаңа бағыт әкелетін адам екенін айтты.

Оған мансабын операда жалғастыруын айтқанда, ол оны қаламайтынын, музыкаға жаңа бағыт әкелгісі келетінін айтты. Браво, мен оны осы шешімімен құттықтаймын, - деді ол. 

Сұхбат барысында, сондай-ақ, музыкотерапия мәселесі де қозғалды.

Димаштың дауысы адамдарды емдеуге көмектеседі. Оның әнін тыңдаған адам түрлі эмоция мен бірнеше толқу мен сезімді өткереді. Әнді терең сезіне біледі. Бұл - Димаштың тыңдармандарымен байланысының негізі. Әнші бүкіл сезімін ән арқылы бере алады, - дейді ол. 
«Сіздің тәжірибеңізде Димаштың әнін тыңдап, жазылғандар болды ма?» деген журналистің сұрағына дәрігер былайша жауап берді:
Иә, ол өте күрделі жағдайдағы адамдар болды. Димаш дауысының музыкалық терапияда өзіндік ерекшелігі бар. Мен оны өз тәжірибемде қолданамын. Көбінде Димаштың «Знай» әнін тыңдатамын, - деді доктор. 
Оның айтуынша, Димаш бір әнді орындау барысында бірнеше техниканы әдемі үйлесімділікпен жеткізе біледі.
Димаш бір әнді орындау барысында 100 техниканы оңай қолдана алады. Ол опералық стиль немесе  POP, Рок болуы мүмкін. Бірақ бұлардың арасында әдемі үйлесімділік бар, байланыс болмай қалған жері жоқ. Кейбір әншілерде ол білініп қалады. Әдетте мықты әншілер өзіне тән диапозонына қарай белгілі бір тембрді ұстанады. Мәселен, еркектерде ол – тенор, баритон және төменгі дауыс бас. Ал әйелдерде – сопрано, альт, контр альт және тағы басқа. Осының барлығын бір адам игеруі мүмкін бе? Жоқ, тек Димаш қана оны жасай алады, - дейді Хамда Фархат.

Өзгелердің жаңалығы