Емханаға тіркеу: Атырау тұрғындарына 20 медұйым қызмет көрсетеді

17 Қыркүйек 2020, 17:14
1673
Бөлісу:
Емханаға тіркеу: Атырау тұрғындарына 20 медұйым қызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында​ бүгінгі күні 651 703​ тұрғын бар. Оның​ 647 837-сі емханаларда тіркеуде тұр. 

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

​Атырау облысында ​бүгінгі күні 651​ 703​ тұрғын бар. Оның ​647​ 837-сі емханаларда тіркеуде тұр. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 244​ 322-ні құрайды. Ауылдар бойынша емдеу ұйымдарына 356 524 адам тіркелген.​ Атырауда ​жалпы 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның 15-і – мемлекеттік емхана қатарында жұмыс атқарады, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Айта кетейік, Атырау облысындағы​ жеке медициналық ұйымының саны – бесеу.

Өзгелердің жаңалығы