«Тур де франс»: «Астана» көшбасшысы 17-кезеңнің жеңімпазы атанды

17 Қыркүйек 2020, 05:15
1379
Бөлісу:
«Тур де франс»: «Астана» көшбасшысы 17-кезеңнің жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.  «Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Астана» командасының көшбасшысы Мигель Анхель Лопес  170 км қашықтықты 4 сағат 49 минут 8 секундта бағындырды. Лопестен 15 секундке кеш келген Jumbo-Visma командасының словениялық өкілі Примож Роглич екінші орынға жайғасты. Ал UAE мүшесі Тадей Погачар мәре сызығын үшінші болып кесіп, үздік үштікті қорытындылады.  Мәре сызығында жеңімпаздар мен велошабандоздарды Франция президенті Эммануэль Макрон қарсы алды.

Айта кетерлігі, кеше, 16 қыркүйекте «Астана» командасының бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров туған күнін атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы