1,5 мыңнан астам қазақстандық салықты түзету сервисін пайдаланды

17 Қыркүйек 2020, 13:11
2296
Бөлісу:
1,5 мыңнан астам қазақстандық салықты түзету сервисін пайдаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп, әр қазақстандыққа үйден шықпай-ақ өз көлік құралы бойынша деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін түзету сервисін іске қосты. 

Мұндай сервис «E-Salyg» («App Store»және «Play Market») мобильді қосымшасының «Салық әмияны» бөлімінде қолжетімді болды, - деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Іске қосылған сәттен бастап 15 қыркүйекке дейін 1743 адам түзету мүмкіндігін пайдаланды.

Сервис онлайн режимде оңайлатылған түрде көлік құралы бойынша деректерді түзетуге, оның ішінде, көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, көлік құралын иеліктен шығаруға байланысты дерекқордан алып тастауға және т.б. өтініш беруге мүмкіндік береді.

табл.jpeg

Сондай-ақ «e-Salyq» мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарап, сәйкесінше, салықтың қандай көлік құралдары бойынша есептелгенін көруге мүмкіндік бар.

Төленуге тиіс көлік салығының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы -www.kgd.gov.kz, электрондық үкімет порталы - egov.kz, сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармалары арқылы да білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмеуі қажет. Бұл ретте көрсетілген мерзімде салығын төлемеген салық төлеушілерде төленуге жататан салық берешегі қалыптасатынын атап өтеміз.


Өзгелердің жаңалығы