Все новости за 20 наурыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Медициналық масканы қымбатқа сатқандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің оңтүстік өңірінен медициналық маска бағасын асырып сатудың 4 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.
-
Үй карантиніндегілер не істеу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында оқшаулау аймағындағы отбасы мүшелерінің барлығы күнделікті ұстануға тиісті нұсқаулықпен бөлісті.
-
"Online-Nauryz" мерекесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен "Отандастар қоры" алыс-жақын шетелдегі қандастардың басын қосқан "Online-Nauryz" мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
-
Канн фестивалі мамыр айында өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара ұйымдастырушылары фестивальді маусымның соңы – шілденің басына ауыстыру жөн деп шешкен, деп жазды korrespondent.net.
-
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 наурыздағы 22.00-дегі жағдай туралы хабарлады.
-
Коронавирус: Әкімдік қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметкерлері біркүндік жалақысын коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларына аударды.
-
COVID-19: қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ Айналдырған бір тәулік ішінде тағы 25700 адамнан коронавирус анықталып, 1220 адам қаза болған, 1913 адам жазылып шыққан, деп хабарлады korrespondent.net.
-
Жамбылда жол-санитарлық бақылау бекеттері жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирустық инфекция белгілерін бақылайтын жол-санитарлық бақылау бекеттері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Тосыннан келген сынақ кезінде жұдырықтай жұмылуымыз керек - Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов арнайы қор ашылғанын хабарлап, іс басында жүрген қала кәсіпкерлерін осы сынақта бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қолдауға шақырды.
-
NASA Ай мен Марсқа зымыран ұшырудың дайындық жұмыстарын тоқтатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Artemis бағдарламасының алғашқы кезеңі 2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған болатын. Бұл туралы korrespondent.net жазды.
-
Атырау мұғалімдері қашықтан білім беруге дайындалуда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда қашықтан оқуға шалғайдағы мұғалімдер дайын емес.
-
Коронавирус: Мәдениет және спорт министрлігі біркүндік еңбекақыларын аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады.
-
Алматыда коронавирус анықталған мекенжайдың бәрі бақылауға алынды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирустың таралуына жол бермесе үшін COVID-2019 ошақтарында азаматтардың қозғалысына шектеу қойылды.
-
Атырауда балалар алаңы да залалсыздандырылып жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда көпқабатты үйлерді дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Кіреберіс пен аулаларда тазалық жұмыстары аптасына 3 рет тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
-
Тұрсын Қалимова: Әуежайға Хиуаз апамыздың аты беріліп, мақсатымыз орындалды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау әуежайына штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың аты берілді. Бұл атыраулықтар үшін көптен күткен қуанышты хабар.
-
Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
-
Мамин жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.
-
Бекшин қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин қызметінен кетті.
-
Автобустар әр айналым аяқталған сайын залалсыздандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалаішілік автобустардың ішінде жолаушыларға арналған антисептиктер бар. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық жұмыстар карантин талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатыр.
-
Карантин кезінде басшыларды ауыстыруға бола ма?: Министр жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР әділет министрі Марат Бекетаев елдегі төтенше жағдай және Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы карантин кезінде кадрлық тағайындаулар жасауға бола ма деген сұраққа жауап берді.
-
Коронавирус. Қаржы алаяқтарының бес арамза тәсілі
Алматы, BAQ.KZ. Елдегі төтенше жағдайға байланысты көптеген банктер мен компаниялар қашықтан жұмыс істеу режиміне өтуде, қазақстандықтар көп жағдайда онлайн-төлемдер жасауда.
-
Қызылорда: Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген азаматтар толық тексеруден өткізіледі
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сыр өңірінде 4 медициналық бақылау бекеті қызметін бастады.
-
Құран бағыштауды, еске алу астарын үйде өткізу керек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығысқазақстандағы діни бірлестіктер басшылары көпшілікке арнап мінәжат орындарына келмей, үйден отырып құлшылық етудің жолдары туралы бейнероликтер дайындап, таратты
-
Қарағандыдағы ірі сауда үйлері уақытша жабылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында қабылданып жатқан шаралар негізінде облыс орталығындағы бірнеше сауда үйін уақытща жабу жайлы шешім шығарылды. ЦУМ, Таир, Абзал сауда үйлері 15 сәуірге дейін жұмыс істемейді.
-
Полиция Алматыда құлап жатқан адамдарға қатысты түсінік берді
Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде бірнеше бейнеден үзінділер таратылып жүр, олардың экрандағы сипаттамалары шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың отырысында ағымдағы жылдың 19 наурызында COVID-2019 ошағы аймағында ішкі карантин енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
-
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлем бойынша таралған індеттің алдын алу қазіргі барлық дерлік халықтың басты мақсаты.
-
Біздің денсаулығымыз жауапкершілігімізге тікелей байланысты – Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарға қалыптасқан жағдайға байланысты үлкен жүктемеге тап болған медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.
-
Ресейлік дәрігер коронавирустың қашан тоқтайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік дәрігер Александр Мясников коронавирустың ауыздықталу мерзімін атады, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Коронавирус: Әзербайжан астанасы карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан астанасы Баку қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. 19 наурызда Баку мен оның маңындағы Сумгаит қаласы және Апшерон ауданына көліктердің кіруіне тыйым салынды.
-
ТЖ-дан зардап шеккен кәсіпкерлерге жылына 8%-бен несие беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін, жеке кәсіпкерлерді қолдауға арналған президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық банкі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп оларды жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі.
-
Бейіт қоршауларын ұрлағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер бейіт қоршауларын ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Төтенше жағдай кезінде жалақыны сақтаудың бірнеше жолы бар
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жарияланған төтенше жағдайға және азаматтарды карантинге жіберуге байланысты жұмысшылардың жалақыларын сақтаудың бірнеше жолы бар.
-
Алматыдағы автотұрақтар тегін қызметке көшеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы эпидемиологиялық және карантин жағдайына байланысты қаладағы паркингтер наурыздың 21 мен сәуірдің 15 аралығында ақысыз қызмет көрсетеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы мен Өзбекстан президенті коронавирустық пандемияға байланысты әлемде осыған дейін болмаған жағдайды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық апатты еңсеру үшін екі ел бір-бірін қолдайтындығын айтты.
-
Жеке тұлғалар үшін қарыз төлемдерді 90 күн кейінге қалдыру ұсынылды
Алматы, BAQ.KZ. Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары коронавирустың таратылуына байланысты өз клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету сервистеріне өтуде.
-
Куәлігінен айырылған мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші масаң күйде ұсталды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
Коронавирус: 2 жасар қыздың өкпесі қабынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда өткен брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тлеухан Әбілдаев ем қабылдап жатқан екі науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежеде екенін айтты.
-
Болат Өтемұратов коронавируспен күресуге 1 млн доллар аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Верный Капитал" компаниялар тобы коронавируспен күресуге 1 млн доллар бөлді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Қызылорда облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылып жатыр
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облысындағы мүшелері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, бетперделер, антисептикалық құралдар таратып жатыр.
-
Жасотандықтар әлеуметтік желіде #Менүйдемін челленджін бастады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Жас Отан қозғалысының мүшелері қала тұрғындарын карантин жағдайы мен қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыратын жаңа челленджді бастады.
-
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 7 адам туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 19 наурыз күні анықталған 7 науқас жайлы айтты.
-
Ем қабылдап жатқан науқастардың дене қызуы түсе бастады – денсаулық басқармасы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифинг барысында науқастардың жағдайы туралы айтты.
-
Қарағанды облысының жолдарында 6 санитарлық бекет ұйымдастырылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін аймақта санитарлы бекеттер ұйымдастырылған. Бұл жайында облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков хабарлады.
-
Берлин-Алматы чартерлік рейсі борт серігінен коронавирус анықталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
-
Тоқаев волонтерлерге алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі парақшасында еліміздің еріктілеріне алғыс білдірді.
-
АШМ инспекторлары Ираннан келген 62 тонна қиярды жойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
-
Елордалық кәсіпкер тұрғындарға тегін маска таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпкер Ернұр Болатұлы журналистер мен қала тұрғындарына, көше тазалығына жұмылдырылған адамдарға тегін маска таратты.
-
Коронавирус: Шет елде қалған қазақстандықтар қайда хабарласуы керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Туристтік Қамқор" КҚ туристер құқығына кепілдік беретін жүйенің администраторы қазақстандық туристерді отанға қайтару барысы туралы айтып берді, деп хабарлады Tengritravel.kz
-
Қарағанды облысында карантин режимі жарияланбайды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыға Минсктен ұшып келген ұшақта болған жолаушылардың арасынан 2 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Осыған орай облыстық денсаулық сақтау, санитарлы-эпидемиологиялық және кәсіпкерлік басқармаларының басшылары онлайн брифинг өткізді.
-
Қарағандылық коронавирусты анықтайтын тест алуға 5 млн теңге аударды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қарағандылық кәсіпкер партияластарының бастамасын қолдады.
-
Енді қазақстандықтар білім беру интернет-ресурстарына тегін кіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған білім беру ресурстарына еркін кіре алады, яғни білім беру сайттарын тегін пайдалануға болады.
-
Екі күнде Алматыдан 100 мыңнан аса адам шықты - әкімдік
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.
-
Алматылық миллион масканы қымбат бағада сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асыра қымбаттатқан бағада миллионнан астам масканы сатқаны үшін Алматы қаласының тұрғындары ұсталды.
-
Блок бекетте 2 минут ішінде құжаттарды электронды базадан тексереміз – полиция
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен блок бекеттердегі атқарылып жатқан жұмыс туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД басшысының орынбасары Айдос Рысбаев онлайн брифингте айтты.
-
Елордалық волонтерлер маскалар мен антисептиктер тарата бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 50-ден астам отбасы коронавирустық инфекцияны алдын алуға арналған гигиеналық құралдармен, бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Коронавирус. Қырғызстанда тағы 3 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қырғызстанда коронавирус дертіне шалдыққан тағы 3 адам анықталды. Барлығы 6 адам болды. Бұл туралы 24.kg. хабарлады.
-
Павлодар облысының кәсіпорындары қысқартылған жұмыс кестесіне көшуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің ірі өндіріс ошақтары коронавирустың алдын алу және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ыңғайлы жұмыс кестесіне көшуді қарастырып жатыр.
-
Тоқаев 1 жылда еліміздің қанша өңірін аралады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қалауымен президенттіктен бас тартқан еді. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артып, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінетінін мәлімдеді. 2020 жылдың 19 наурызынан бастап, Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды. Бір жылда мемлекет басшысы біршама жұмыс атқарды. Ол бір жылда 72 рет шетелдік өкілдерді, 211 рет ел азаматтарын қабылдады. Сонымен қатар, 159 жарлық (қаулы), 101 өкім шығарып, 64 заңға қол қойды. Билік тізгіні қолына тиген бір жылдың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев 74 кадрды қызметке тағайындап, 59 адамды жұмыстан босатса, 4 қызметкерге қатаң сөгіс берді.
-
Қазақстан күніне 1 млн маска шығармақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов күніне 1 млн маска шығаруды көздеп отырғандарын айтты.
-
Коронавирус. Елбасы республикалық қор құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Үндеуде Елбасы осындай сын сағатта ортақ істен ешкім де сырт қалмауға тиіс екенін айтты.
-
Коронавирус: Қазақстанда адам шығыны бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясынан елімізде адам шығыны жоқ екенін айтты.
-
Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 наурызда ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.
-
Coronavirus2020.kz сайты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Тоқаевтың 1 жыл атқарған жұмысы 4 томдық кітап болып жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" деген атпен 4 томдық жинақ шықты, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
-
Алматыда Гоголь көшесі бойында тағы бір үй қоршауға алынды
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы осы үйде тұратын журналист Индира Хаметчина Facebook парақшасында жазды.
-
Барлық теннис жарысы жазға дейін тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа байланысты барлық теннис жарыстары жазға дейін тоқтатылды, деп хабарлайды prosports.kz
-
Қарағандыда музейлерге виртуалды экскурсия жасауға болады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 16 наурызда еліміз төтенше жағдай режиміне көшкелі бері облыстағы мұражайлар мен көрмелер жұмысын тоқтатқан болатын.
-
20 наурызға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 20 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын ұсынды.
-
Коронавирус: Қарағандыда 2, Алматыда 3 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 20 наурыздағы 08.30 сағаттағы жағдай коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жеткені белгілі болды.
-
Алматыда тағы бір үй карантинге алынды – БАҚ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Тайыр Жароков көшесі, 16 мекенжайында орналасқан тағы бір тұрғын үй толықтай карантинге жабылды. Бұл туралы "КТК" телеарнасында хабарланды.
-
Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанова есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыш, Қазақстанның Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілді.
-
Коронавирус: Шымкентте профилактикалық жұмыстар күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары қатаң қолға алынды. Шымкентте де дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-
Елбасы Қазақстан халқына Үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қазақстандықтарға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің осы күндері коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу мақсатында жүзеге асырылып жатқан әрекеттерін қолдауға шақырды.
-
Жамбылда 120-дан астам пәтер ұрлығы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен аймақта «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Израиль билігі азаматтарға үйлерінен шығуға тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль коронавирусқа байланысты карантин шараларын күшейтуде. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді, деп хабарлайды Newsru.co.il ақпарат агенттігі.
"Қиын кезеңдер қиын шешімдерді талап етіп отырғанын" атап өтті. Үкімет басшысы түнде үкімет үйден кетуге тыйым салатын төтенше жағдай ережелерін бекітетінін айтты.
Бұл қазір сұрау емес, ұсыныс емес, енді бұл полицияның орындауы керек бұйрық, - деді премьер-министр Биньямин Нетаньяху.
Ол мұндай шаралар Израиль тарихында алғаш рет енгізіліп жатқанын атап өтті.
Аса мұқтаждық туындамаса ешқандай себепсіз үйден шығуға тыйым жеті күнге созылады және қажет болса ұзартылуы мүмкін екенін айтты.
Жаңа жарлыққа сәйкес, тамақ немесе дәрі сатып алуға; медициналық көмек алуға ғана болады.
Сонымен қатар үкімет өмірлік маңызды деп таныған кәсіпорындардың қызметкерлеріне жұмысқа баруға рұқсат етілетінін жеткізді.
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 573 израильдіктерге коронавирус диагнозы қойылған, олардың алтауының жағдайы ауыр.
-
Карантин: Жолаушылар пойыздарының кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезеңіндегі жолаушылар пойыздарының кестесіне өзгерістер енді.
2020 жылғы 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларындағы теміржол вокзалдары барлық бағыттар бойынша жолаушылар үшін кетуге және келуге жабық болады.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жолаушыларға сауалнама жүргізу енгізілген.
Төтенше жағдайды ескере отырып, теміржол көлігімен жол жүруден бас тартқан жолаушыларға хабарласқан күніне қарамастан билет құны толық көлемде қайтарылады.
22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады.
Стандартты
1. №10/9 Нұр-Сұлтан-Алматы
2. №53/54 Нұр-Сұлтан-Достық
3. №39/40 Нұр-Сұлтан-Челябинск
4. №353/354 Нұр-Сұлтан-Семей
5. №603/604 Нұр-Сұлтан-Арқалық
6. №623/627 Нұр-Сұлтан-Петропавл-Қызыл-Ту
7. №655/656 Нұр-Сұлтан-Айсары
8. №673/674 Павлодар-Нұр-Сұлтан
9. №7/8 Алматы-Саратов
10. №13/14 Алматы-Достық
11. №301/302 Алматы-Новосібір
12. №351/352 Алматы-Өскемен
13. №373/374 Алматы-Жезқазған
14. №379/380 Алматы-Орал
15. №393/394 Алматы-Алтынкөл
Тальго
1. №3/4 Нұр-Сұлтан-Алматы
2. №67/68 Нұр-Сұлтан-Өскемен
3. №91/92 Нұр-Сұлтан-Қызылорда
4. №95/96 Нұр-Сұлтан-Орал
5. №1/2 Алматы-Ташкент
6. №11/12 Алматы-Шымкент
7. № 25/26 Алматы-Шымкент
8. №29/30 Алматы-Атырау
9. №31/32 Алматы-Павлодар
10. №51/52 Алматы-Орал
11. №69/70 Алматы-Өскемен
12. №71/72 Алматы-Түркістан
13. №701/702 Алматы-Нұр-Сұлтан
14. №705/706 Алматы-Петропавл
15. №712/711 Нұр-Сұлтан-Шымкент
Қалааралық
1. №7502/7501 Нұр-Сұлтан-Павлодар
2. №7510/7509 Нұр-Сұлтан-Павлодар
3 №7507/7508 Нұр-Сұлтан-Көкшетау
4. №6829/6830 Ерейментау-Көкшетау
5. №6803/6804 Нұр-Сұлтан-Атбасар
6. №7553/7556 Қарағанды-Нұр-Сұлтан
7.№6932/6931 Алматы-Сарыөзек
8. №6934/6933 Сарыөзек-Ақтоғай
9. №6985/6986 Алматы-Алтынкөл
10. №6996/6995 Көкшетау-Қызыл-Ту
11. №6892/6891 Жалтыр-Жайнақ
12. №6889/6890 Атбасар-Есіл
Жекеменшік пойыздар
1. №15/16 Алматы-Петропавл
2. №6947/6948 Алматы-Қазыбек-Бек
8 транзиттік пойыз қатынай береді, бірақ енді олар Нұр-Сұлтан және Алматы стансаларына тоқтамайды.
1.№21/22 Қызылорда-Семей пойызы Алматы-1 стансасына тоқтамайды;
2.№83/84 Қарағанды-Петропавл пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
3.№339/340 Павлодар-Пресногорьковская пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
4.№43/44 Қостанай-Алматы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды және бағыты Отар стансасына дейін қысқартылды;
5.№327/328 Қостанай-Қарағанды пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
6.№56/55 Қызылорда-Көкшетау пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
7.№76/75 Қызылорда-Петропавл пойызы Нұр-Сұлтан стансасына тоқтамайды;
8.№118/117 Қызылорда-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары өзгертіліп, Екібастұз стансасына дейін ұзартылды.
11 пойыз бойынша бағыттары жақын маңдағы стансаға дейін қысқартылады. Мысалы, Маңғыстау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Маңғыстау-Атбасар стансасына дейін қысқартылады.
1.№37/38 Маңғыстау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Атбасар стансасына дейін қысқартылды;
2.№47/48 Атырау-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровое стансасына дейін қысқартылды;
3.№23/24 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
4.№33/34 Ақтөбе-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
5.№41/42 Атырау-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
6.№77/78 Маңғыстау-Алматы пойызының бағдары Шу стансасына дейін қысқартылды;
7.№86/85 Нұр-Сұлтан-Сарыағаш пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;
8.№57/58 Орал-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Курорт-Боровое стансасына дейін қысқартылды;
9.№108/107 Жезқазған-Нұр-Сұлтан пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;
10.№121/122 Нұр-Сұлтан-Семей пойызының бағдары Қарағанды стансасына дейін қысқартылды;
11.№6857/6858 Қарағанды-Нұр-Сұлтан қаламаңы пойызы Аршалы стансасына дейін қысқартылды.
-
Алматыда әйел адамды троллейбус қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда троллейбус әйел адамды қағып кетті. Оқиғадан зардап шеккен азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Төтенше жағдай: Қарағандыда сауда үйлері уақытша жабық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу үшін сауда-ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда үйлері қызметін 20 наурыздан бастап уақытша тоқтатады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
-
Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Достық даңғылында орналасқан Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Қарағанды мен өзге облыс бағыттары бойынша жеті көлік айырығын салу жоспарда – Жеңіс Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды әкімі облыс айналасындағы айналма жолдар мен өңірдің орталық жолдарындағы жағдаймен танысты. Бұл туралы аймақ басшысы Ж. Қасымбек Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Еліміздің амандығы үшін имамдар дұға жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.
-
"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 мың тест сатып алуға 200 млн теңге бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 мың тест сатып алуға 200 млн теңге бөлді.
Наверх