Алматылық миллион масканы қымбат бағада сатқан

20 Наурыз 2020, 11:55
1525
Бөлісу:
Алматылық миллион масканы қымбат бағада сатқан
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асыра қымбаттатқан бағада миллионнан астам масканы сатқаны үшін Алматы қаласының тұрғындары ұсталды.

Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі хабарлады.
18 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында асыра қымбаттатқан бағада медициналық маскаларды сатумен айналысқан бірнеше Алматы қаласының тұрғынын ұстады. ​Іске асырылған шаралар аясында қаланың төрт пунктінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға берілетін құжаттарсыз медициналық маскаларды асыра қымбат бағада сатқан бірнеше тұлға ұсталды, - делінген хабарламада.

​Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде департамент қызметкерлері жалпы сомасы 191 млн теңге болатын 1 053 520 масканы тәркіледі.

Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасының 8-тармағы негізінде барлық тәркіленген маскалар Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасына тапсырылды.

Қазіргі таңда, жоғарыда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

​Одан басқа, ҚР ҚМ ҚМК Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті медициналық маскалар мен антисептикалық заттарды сату бойынша алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған рейдтік шараларды іске асырып жатқан жедел-тергеу топтарын құрды.


Өзгелердің жаңалығы