Павлодар облысының кәсіпорындары қысқартылған жұмыс кестесіне көшуде

20 Наурыз 2020, 11:10
1175
Бөлісу:
Павлодар облысының кәсіпорындары қысқартылған жұмыс кестесіне көшуде
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің ірі өндіріс ошақтары коронавирустың алдын алу және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ыңғайлы жұмыс кестесіне көшуді қарастырып жатыр.

Бірінші кезекте адам көп жиналатын жиындар селекторлық режим форматына ауыстырылды. Ал өндіріс ошақтарындағы технологиялық үрдіске қатысы жоқ мамандар қашықтықтан жұмыс істейтін болды. Осындай жұмыс режиміне көшкендердің қатарында Ақсу ферроқорытпа зауыты бар.

Кәсіпорын директоры Сергей Прокопьевтің айтуынша, мамандардың бір бөлігі қашықтықтан жұмыс жасауға көшірілген.

Коронавирустың таралуы мен елімізде  жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, біздің зауыт өндіріс көлемін азайтпайды. Өндіріс жоспарға сай қызу жүріп жатыр. Мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жуық арада зарарсыздандыру өнімдері мен бір реттік медициналық маскаларды сатып аламыз. Бүгінгі таңда зауыттың дене шынықтыру кешендері мен демалыс үйлері жұмыстарын тоқтатты. Бұл - уақытша шара. Қазіргі уақытта кәсіпорында 6,5 мыңнан астам маман еңбек етеді, - дейді Сергей
Прокопьев.

Айта кетейік, аймақтың кәсіподақ ұйымдары жедел штаб құрып, жұқмыс берушілерге үндеу жариялады. Облыстағы кәсіподақ ұйымдарының төрағасы Динара Айтжанованың айтуынша, штаб 17 салалық және аумақтық бірлестіктерден тұрады.

Біз жұмыс берушілеге еңбек кестесін ыңғайлы етуге ұсыныс білдірдік. Жұмысшылардың жаппай босатылуына, жалақы бойынша берешек пен әлеуметтік аударымдардың төленбеуіне, жалақының төмендеуіне, еңбек жағдайының негізсіз нашарлауына жол бермеуіміз керек. Бұл уақытша жағдай еңбек қатынастарының өзгеруіне әсер етпеу керек, - дейді Динара Айтжанова.
Өзгелердің жаңалығы