Енді қазақстандықтар білім беру интернет-ресурстарына тегін кіреді

20 Наурыз 2020, 12:19
2315
Бөлісу:
Енді қазақстандықтар білім беру интернет-ресурстарына тегін кіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған білім беру ресурстарына еркін кіре алады, яғни білім беру сайттарын тегін пайдалануға болады. 

Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ, "Транстелеком" АҚ, "Кар-Тел" ЖШС, "Кселл" АҚ, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, Astel АҚ сияқты байланыс операторларының басшылары қол қойды. Жақын арада аталған байланыс операторлары колледждер мен ЖОО-ға қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын білім беру ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беретін тарифтік жоспарлар әзірлейді (қазіргі қолданыстағы талаптар өзгертіледі), - делінген ведомство хабарламасында.

Яғни, бұл сайттарды пайдаланған кезде абоненттердің интернет-трафиктері (мегабайттары) есептелмейді. Төтенше жағдайды жариялау кезеңінде білім беру мекемелері (ЖОО мен колледждер) қашықтан оқытуға көшуіне байланысты бұл шараның маңызы зор.

Қазақстандықтар ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған білім беру ресурстарына еркін кіре алады. Бұл тізбе мен интернет-ресурстардың тізімі кейін ұлғайтылып отырады.

Аталған ресурстарға кіру үшін пайдаланушының шотында баланс болуы керек. Білім беру ресурстарына тегін қол жеткізу туралы ақпарат байланыс операторларының сайттарында орналастырылады.

ТЖ режимі кезеңінде тегін пайдалануға ұсынылған білім беру интернет-ресурстары: 

1.       АИС «SOVA.WS» - http://sova.ws

2.       SMART community - http://smartedu.kz   

3.       SMARTNATION - http://snation.kz

4.       College.Snation http://college.snation.kz

5.       BilimLand https://bilimland.kz/ruАИС

6.       Білімал http://college.bilimal.kz/  

7.       Paragraph Bilim - http://base.blm.kz

8.       Kundelik.kz - https://portal.kundelik.kz/

9.       АИС «Platonus» - http://platonus.kz

10.     BilimAl.kz https://www.bilimal.kz/

11.     DALES - http://college.ektu.kz

12.     Mektep.edu.kz - https://mektep.edu.kz

13.     I-mektep.kz - https://i-mektep.kz/

14.     Daryn.Online https://daryn.online/

15.     АИС "CollegeSmart Nation -https://college.snation.kz/

16.     АИС Сириус http://somniumllp.com/project-sirius/

17.     АИС Универ https://univer.kstu.kz/

18.     ИС Деканат https://www.mmis.ru

19.     ИС ПГУ http://psu.kz/

20.     Электронды ректорат http://nkzu.kz

21.     EUniver http://euniver.vkgu.kz/

22.     ИС ВКГТУ https://www.ektu.kz/

23.     МУИТ https://www.iitu.kz/

24.     Uninet http://uninet.kz/

Атап өтейік, тізімдегі интернет-ресурстардың қатары болашақта толықтырылады.

Өзгелердің жаңалығы