Елордалық кәсіпкер тұрғындарға тегін маска таратты

20 Наурыз 2020, 13:06
1436
Бөлісу:
Елордалық кәсіпкер тұрғындарға тегін маска таратты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіпкер Ернұр Болатұлы журналистер мен қала тұрғындарына, көше тазалығына жұмылдырылған адамдарға тегін маска таратты.  

Ол сол арқылы халықты қиын жағдайға коронавирус індетімен бірлесіп күресуге шақырғысы келетінін айтты. 

WhatsApp Image 2020-03-20 at 11.57.27.jpeg

Бұл еліміздің, тіпті бүкіл әлемнің басына түскен сынақ. Осындай жағдайда бұл дертпен бүкіл адамзат баласы бірлесіп күресуі тиіс. Өкінішке қарай, бір-бірімізге қол үшін бергеннің орнына, қажетті заттардың бағасын көтеріп, маскілерді қымбатқа сатып жатқан кейбір алыпсатардың ісі мені қатты ойландырды. Қолымнан келгенше, солардың қолындағы маскаларды жинап алып, халыққа тегін таратайын деп шештім. Әрине, ең әуелі, алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолдау білдіруіміз керек, сонымен бірге жарқұлағы жастыққа тимей халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп жатқан журналистердің еңбегі ерекше деп айтқым келеді. Осындай қиын сәтте далада жүрген көше тазалықшыларының да еңбегі ерен. Сол үшін біз алғашқы маскаларды осы кісілерге тараттық. Барлықтарыңызға белгілі, биыл "Волонтерлер жылы". Осы орайда барлық кәсіпкерді қиын күнде халықпен бірге болуға шақырамын, - дейді Ернұр Болатұлы. 

Кәсіпкер 2 мың данаға жуық масканы, журналистер мен қала тұрғындарына таратып берді. Ол алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын жалғастыратынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы