COVID-19: қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты

20 Наурыз 2020, 21:30
1701
Бөлісу:
COVID-19: қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ Айналдырған бір тәулік ішінде тағы 25700 адамнан коронавирус анықталып, 1220 адам қаза болған, 1913 адам жазылып шыққан, деп хабарлады korrespondent.net.

Жұма күнгі есеп бойынша әлем елдерінде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 244523-ге жеткен. Оның 86031-і жазылып, 10030-ы қайтыс болған. Бұл мәліметтерді 20 наурыз күні Джон Хопкинс Университетіндегі америкалық Жүйелік зерттеулер және инжиниринг орталығы таратты.

Вирус жұқтырғандардың ең көп мөлшері Қытайда (81199), Италияда (41035) және Иранда (18470) тіркелген. Сондай-ақ, 18 мыңнан астам вирус жұқтыру фактісі Испанияда тіркелсе, Германияда 15 мыңнан астам, АҚШ-та 14 мыңнан астам адамнан вирус белгілері анықталған. Мыңнан астам адам Францияда да тіркелді. 

Бір тәулік ішінде 19 наурызда коронавирус тағы 25700 адамнан анықталып, 1220 адам қаза болған, 1913 адам жазылып шыққан.
Вирус салдарынан қайтыс болған адам саны ең көп тіркелген аймақ бүгінде Италия (3405), Қытай (3252), Иран (1284),  Испания (833), Франция (372), АҚШ (205), Британия (137) болып отыр.

Ал, жазылып шыққандар саны көп елдер қатарында Қытай (71264), Иран (5979), Италия (4440), Оңтүстік Корея (1540), Испания (1107) бар.
Коронавирус барлық континентті, Еуропаның барлық елін және АҚШ-тың бірқатар штаттарына тарады. Бүкіл әлем бойынша қатаң карантиндік шаралар енгізілуде. Пандемия қанша уақытқа созылатынына қатысты әр елдің ғалымдары түрлі болжам жасауда.

Британдық болжам

Ұлыбританиядағы коронавирус індеті келесі көктемге дейін жалғасады және 7,9 миллион адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін, деп жазады The Guardian британиялық ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) жоғары лауазымды шенеуніктеріне арналған құпия есепке сілтеме жасай отырып.

Бұл алғашқы құжат, онда осы вируспен айналысып жатқан денсаулық сақтау саласының басшылары індеттің тағы 12 айға созылуы мүмкін екенін айтады, бұл NHS-ке қосымша жүктеме алып келеді, - делінген мақалада.

Неміс болжамы

Reuters-тің хабарлауынша, Германияның қоғамдық денсаулық сақтау саласының басшысы коронавирус пандемиясы инфекцияға қарсы вакцинаның қашан жасалуына байланысты екі жылға дейін созылуы мүмкін деп мәлімдеген.

Роберт Кох институтының президенті Лотар Вилер пандемиядан әлем халқының 60-70% зардап шегеді деп санайды. Сонымен қатар, бірқатар адам сауығып, иммунитет пайда болады. Мұндай болжамды тек вирусқа қарсы вакцинаның тезірек жасалуы ғана өзгерте алады.

Америкалық болжам

Америкалық профессор-эпидемиолог Джастин Лесслер Cоvid-2019 жоғалмайды деп болжайды, бірақ қазіргідей жүздеген өлім-жітім күн сайын болмайды.

Ғалым вакцина немесе осы вирусқа қарсы қалыптасқан иммунитеттің арқасында пандемиядан кейін өмір қалпына келетін мерзім туындайтынын айтады.

Лесслер бірінші толқыннан кейін иммунитеті әлсіз адамдардың аз, яғни вирустың әлеуетті құрбандарының да аз болуына назар аударады. Демек, ол (вирус) шабуыл жасайтын халықтың пайызы да аз болады.

Алайда, дәл осы бірінші толқын ұзақ және азапты болуы мүмкін. Ғалым тек АҚШ-та ғана 1,7 миллион адам ауруханаға жатып, 170 000 адам қайтыс болуы мүмкін деп болжайды. Себебі, бұл тұмаудан қаза болғандардың  жылдық мөлшеріне қарағанда 5-10 есе көп.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның 25-і – Нұр-Сұлтанда, 22-сі – Алматыда, 2-еуі – Қарағандыда тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы