Куәлігінен айырылған мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысты

20 Наурыз 2020, 15:11
1681
Бөлісу:
Куәлігінен айырылған мас жүргізуші басқа көлікпен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші масаң күйде ұсталды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.

2020 жылдың 18 наурызында Қордай ауданының полиция қызметкерлерімен 2018 жылдың қазан айында көлік жүргізу құқығынан айырылған 49 жастағы осы ауданның тұрғыны ұсталды. Ол масаң күйде "Ваз 21063" маркалы көлігін айдаған. Ішімдік әсерінен көлікті басқара алмаған жүргізуші жанармай құю бекеті жанында бұрылу маневрін жасамақшы болып, бір бағыттағы Mitsubishi Galant маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер жоқ.

Құқықбұзушы ұсталып, Қордай аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы