АШМ инспекторлары Ираннан келген 62 тонна қиярды жойды

20 Наурыз 2020, 13:19
1382
Бөлісу:
АШМ инспекторлары Ираннан келген 62 тонна қиярды жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.


ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – "Батыс гүлді трипс" вирустық зиянкесін анықтады.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы