Все новости за 29 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мемлекеттік қызмет көрсетудің екі түріне өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың сәуірінде ҚР бас прокурорының бұйрығымен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер мен мұрағаттық анықтамаларды беру бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына өзгерістер енгізілді.
-
Петропавлдан Мәскеуге әуе рейсі ашылды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл халықаралық әуежайынан Мәскеуге тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылды. Бүгін қызылжарлықтар Ресей астанасынан келген алғашқы ұшақты қабылдады.
-
Қарағандыда алғашқы TEDx конференциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші TEDx конференциясы Қарағандыда 2 маусымда ІІМ Академиясының залында өтеді. Шараның басты тақырыбы – «Өзгерт!» деп аталады. Спикерлер қала мен қазіргі қоғам өміріндегі өзгерістер туралы айтатын болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Елорда көшелерінде қозғалыс ішінара шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 маусымында «Қазақ Елі» бас алаңында елорда тұрғындарының қатысуымен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.
-
Супермарафоншы Марат Жыланбаев Ақтөбеге келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 маусымда Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта Марат Жыланбаева шеберлік сабағын береді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
«Белсенді ардагер» акциясы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына орай ұйымдастырылған «Белсенді ардагер» акциясы аясында кешенді ем-шараларды 2200 жуық мүгедектер, ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген тұлғалар қабылдады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өскеменде Балалар күніне 200 литр сусын бәйгеге тігіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде «Color Fest – 2019» байқауs өтеді. Жүлдеге 200 литр тәтті сусындар тігілген. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Атырауда студенттер фестивалі өтті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Atyrau Students Union жобасы аясында облыс студенттері арасында «Студенттік көктем» дәстүрлі фестивалі өтті.
-
Бүгін Семейде 60 жаңа автобус қалаішілік бағытқа шықты
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов 60 жаңа автобустың калаішілік бағытқа шығу салтанатына қатысты.
-
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жастар қозғалысы құрылды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша І облыстық жастар слеті өтті.
-
Бүгін Семейде көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы 45 отбасыға пәтер кілттерін табыстады.
-
29 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 29 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
-
ШҚО туристік нысандар саны бойынша елімізде көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылы ішкі туризм қызметіне 5,9 миллионға жуық отандасымыз жүгінген. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Атырауда жас полицейлер слеті өтті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда Полиция департаменті қызметкерлерінің облыстық форумы өтті.
-
Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық даму банкінің Кеңесі ҚР премьер-министрі Асқар Маминді Кеңестің төрағасы ретінде сайлады. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
-
Ақтөбеде 15 жағажай суға түсу маусымына дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жағажайлардың 13-і – жеке, екеуі – коммуналдық. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Түркістанның түркі әлеміндегі орнын ғылыми тұрғыдан таразылайтын конференция өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
Кандидаттар теледебатта сайлауалды бағдарламаларын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Хабар» арнасында кезектен тыс Президент сайлауына түсетін кандидаттар арасында тікелей эфирде теледебат өтті. Үміткерлер теледебатта сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
-
Аққулыда «Тарихи мұра» орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аққулы ауданының 80 жылдығына орай жергілікті тұрғындар көптен күткен «Тарихи мұра» тарихи-өлкетану орталығы ашылады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
-
ШҚО-да қызмет сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар қарқын алды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО ғимаратының тест тапсыру залы бейнебақылау камераларымен жарақтандырылып, ғимараттың кіреберіс жолдары жөндеуден өткізілді. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарланды.
-
Біздің проблемамыз ешкімге қызық емес – Ноғаев қарамағындағыларды сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев энергиямен жабдықтау, сумен, газбен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Шымкенттің агроиндустриалдық аймағында 30-ға жуық жоба жүзеге асады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте агроиндустриалдық аймақ құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта агроиндустриалдық аймаққа арналған 136 га жер «Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның балансына өткен. Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков айтты.
-
«Хабар» арнасында президенттікке кандидаттар арасында теледебат басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына түсетін кандидаттар арасында тікелей эфирде теледебат басталды. Оны республикалық «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
-
Түркістанда мектеп туризмін дамыту қолға алынбақ
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық конференциясы барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің мектеп туризмін дамытуды қолға алғаны белгілі болды.
-
Спорт терминдері қашан бір ізге түседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары спортқа қатысты терминологиямыздың кемтігін толтырып, кемістігін жөнге келтіріп және оны байыту тұрғысында істеліп жатқан жұмыс байқалмайды.
-
Қызылордада дәстүрлі отбасылық тәрбие тақырыбы талқыланды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласында "Жаһандану дәуіріндегі дәстүрлі отбасылық тәрбие және заманауи құндылықтар" республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
-
Елордада маңғыстаулық ғалым шығармашылығы таныстырылды
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғы қазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны Маңғыстау облысының әкімдігі және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы ұйымдастырды.
-
Тағы екі спортшымыз 4 жылға спорттан шеттетілді
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым салынған дәрі-дәрмек қолданған спортшылар тізімін тағы да жаңартты.
-
Ақмолада жазықсыз жазаланғандардың 5 мыңнан аса ісі сақталған
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облыстық полиция департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатында 5600-ге жуық саяси қуғын-сүргін құрбандарының тергеу және ақталған ісі сақталған.
-
1 маусымда Алматыдағы балалар емханасында қайырымдылық концерті өтеді
Алматы, BAQ.KZ. 1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балалар күніне арналған «Армансыз күнім болмайды» атты қайырымдылық концерті өтеді.
-
Алматыда жолға таласқан көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін жолға таласқан екі көліктің дөрекі әрекеті инстаграм желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланған болатын. Жолға таласып, өзгелерге қатер төндірген екі жүргізуші де Алматы облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлады Алматы қаласы ПД-ның баспасөз қызметі.
-
Сооронбай Жээнбеков ЕАЭО өкілеттігін күшейтуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының өкілеттігін күшейтуді ұсынды.
-
Тәжікстанның сыртқы саясатында ЕАЭО елдерінің маңызы зор – Эмомали Рахмон
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өткен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қонақ ретінде қатысқан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жылы қарсы алғаны үшін Қазақстан еліне алғысын білдірді.
-
Ақтөбеде қала күнінде 47 нәресте дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала күніне ақтөбелік келіншектер де сый жасады. Қаладағы үш перзентханада бір тәулікте 47 нәресте өмір есігін ашты. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
ЕАЭО елдерінің азаматтары зейнетке шыққанда еңбек өтілі есепке алынуы керек – Путин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі (ЕАЭО) азаматтарының еңбек өтілін зейнетақы төлеу кезінде есепке алуды көздейтін келісімді әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
-
Шымкентте 7241 оқушы лагерьге тегін жолдама алады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте 7241 оқушы қаладан сырттағы жазғы лагерьлерде демалады. Олардың жазғы лагердегі демалысын ұйымдастыруға қала бюджетінен 220 млн теңге бөлінген. Мұны Шымкенттің білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айгүл Текебаева хабарлады.
-
Тоқаев ЕАЭО интеграциялық бірігудегі ұсынысын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында ЕАЭО елдері үшін интеграциялық бірігудің маңызды векторларын анықтау керектігін атап өтіп, ұсынысын айтты.
-
Жаңаөзенде қант зауыты ашылады
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аталған нысан қаланы дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған инвестициялық жобалардың бірі саналады.
-
Сингапурмен бірлесіп еркін сауда аймағын құру керек – Никол Пашинян
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сингапурмен бірлесіп, еркін сауда аймағын құруды ұсынды.
-
Назарбаев ЕАЭО-ға әлі көп пайдасын тигізуі мүмкін – Путин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ұйымның дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
-
Назарбаев: Біз әскери киімдерді импорттаймыз. Ұят
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО аясында мемлекеттер үшін тиімді болатын бірнеше ұсынысты айтты.
-
Маңғыстау өңірінде төрт түлік саны өскен
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Шалғай аймақтағы мал басы бүгінде 9% артып отыр. Бұл туралы Ақтауда облыстың агроөнеркәсіп саласының дамуы талқыланған жиында айтылды. Басқосуға өлке басшысы Ералы Тоғжанов төрағалық етті.
-
Назарбаевтың жаңа статусы жай ғана сыйлық үшін берілген жоқ – Лукашенко
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Беларусь президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа атағымен құттықтады.
-
ТҮҚЖБ бір ай ішінде 3 800 әскери қызметкердің тұрғын үй мәселесін шешті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) биыл әскери қызметкерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын сәтті түрде жүзеге асырды.
-
Италияда жол апатына ұшыраған екі қазақстандық елге әкелінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабаралады.
-
Жаңаөзенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жоспарға сәйкес мұнайшылар қаласын одан әрі көркейтуге 230 млрд 300 млн теңге жұмсалады. Бұл сома 2025 жылға дейін игерілуі тиіс.
-
Түркістандықтар Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 95 жылдығын атап өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ассамблея жанындағы «Айбын» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің туылғанына 95 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
-
Елімізде қағаз өнімін өндіретін 300-ге жуық кәсіпорын бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және қаптама индустриясын дамыту» республикалық І форумы өтіп жатыр. Форум барысында целлюлоза-қағаз саласына қатысты сұрақтар талқыланып, осы салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлер дипломмен марапатталды.
-
Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойында Димаш Құдайбергенов өнер көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 мамыр күні Ақтөбе облысының жұртшылығы үшін ерекше болды. Себебі, қаланың мерейлі тойының басталуы бірнеше мәдени іс-шаралармен жалғасты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Әлемде 9 млрд тонна пластмасса бары анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұзақтығы 450 жылға созылатын онлайн-трансляция бастады. Мамырдың 10 күні WWF-тың Facebook-тегі парақшасында басталған транцляция пластмасса бөтелкенің табиғи жолмен жойылу процесін көрсетпек. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
-
Назарбаевтың интеграциялық жобадағы рөлі зор – Армения премьер-министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы Армения Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр.
-
АҚШ-та торнадо салдарынан 130 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та жойқын торнадоның салдарынан бір адам қаза болып, 130 адам зардап шекті. Бұл туралы The Associated Press жазды.
-
Нұрсұлтан Назарбаев «Құрметті төраға» атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы ұйымның құрметті төрағасы атанды.
-
Кәсіпкерлер үшін банкроттық ең дұрыс жол емес – Нығматулин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру туралы заң жобасы елдегі бизнес жағдайды жақсартуы қажет. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
-
Шекарашылар жасырын контрабандалық жүкті анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан президенті Армения премьер-министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті.
-
Қолданыстағы заң кәсіпкерлерге сәтсіз бизнесті тез жабуға мүмкіндік бермейді – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда банкроттықты рәсімдеуден 4 мыңға жуық бизнес субектісі өтіп жатыр, 400 кәсіпорын оңалту кезеңінде. Іс жүзінде күрделі қаржылық жағдайдағы бизнес субектілерінің саны әлі де көп. Бұл туралы ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
-
Өзбекстанда Volkswagen автокөлігі шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия және Өзбекстан президенттері арасындағы екіжақты кездесу аясында өзбек елінде Volkswagen концернімен бірлескен автокөлік өндірісін ашу жоспары бекітілді, деп хабарланды Zakon.kz сайтында.
-
Елордада күрес түрлерінен әлем чемпионатына дайындық барысы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің бірлескен жиыны өтті.
-
Сұлтанов отбасылық кәсіпкерлікті белсенді дамытуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің отырысында Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында инвестиция тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Павлодар облысының білім беру мекемелерінде "Бұлтты бухгалтерия" енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында "Әкімшілік-шаруашылық қызметті есепке алу мен жоспарлаудың бұлтты ақпараттық жүйесі" жобасы енгізілуде.
-
Бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысынан хабар таратуға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 115 өкілі мен қазақстандық 160-тан астам журналист тіркелген.
-
Алдағы демалыс күндері елордада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңке өткізеді, деп хабарланды Елорда Инфо сайтында.
-
Қарағандыда Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған көрме ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының тарихи-өлкетану мұражайында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына және саяси қуғын-cүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Сұлу жырдың сұңқары» атты көрме ашылды.
-
Чехия кәсіпкерлері Қарағанды облысымен ынтымақтастық орнатуға ниетті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда Чех Республикасының кәсіпкерлері келіп, екі ел арасындағы серіктестікті әрі қарай дамытуға мүдделі екендігін жеткізді.
-
ШҚО-да қашықтан қызмет көрсететін бірнеше ақпараттық жүйе іске қосылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде медицина, ауылшаруашылығы және жер кадастры салаларын мониторингтап, қашықтықтан қызмет көрсететін бірнеше ақпараттық жүйе іске қосылмақ.
-
29 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың басым бөлігі жоғары қысым аумағының әсерінде, соған байланысты көбінесе ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Наверх