29 мамыр. Сайлау барысы

29 Мамыр 2019, 20:34
2231
Бөлісу:
29 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 29 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірген өкілі Тараз қаласындағы «Дана-дель» ЖШС тігін өнеркәсібінің еңбек ұжымымен кездесті. 

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт тобы халықпен кездесуін Солтүстік Қазақстан облысында да өткізді.  

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосановтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабы Зайсан, Аягөз, Қалбатау, т.б. кенттеріне келді.

«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбековтің ШҚО аймақтық қоғамдық штабының ұйымдастыруымен «Озық технологиялар - жоғары өнімділіктің кілті» атты семинар өткізді. 

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының мүшелері және облыстық «Келешек» Жастар кеңесінің белсенділері Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде үгіт-насихат жүргізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстаудағы сенімді өкілдері мұнай және газ саласын игеруге атсалысқан жандармен кездесу өткізді. 

ҚР президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы қолөнерден шеберлік-сынып өткізді. 


Өзгелердің жаңалығы