Павлодар облысының білім беру мекемелерінде "Бұлтты бухгалтерия" енгізіледі

29 Мамыр 2019, 10:01
2501
Бөлісу:
Павлодар облысының білім беру мекемелерінде "Бұлтты бухгалтерия" енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру аясында "Әкімшілік-шаруашылық қызметті есепке алу мен жоспарлаудың бұлтты ақпараттық жүйесі" жобасы енгізілуде. Бұл туралы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім етті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Қалалардың 230 білім беру нысанына «Бұлтты бухгалтерия» енгізу жоспарлануда. Оның ішінде Павлодар қаласында 55 мектеп пен 70 балабақша, 10 мектептен тыс мекеме, Ақсу қаласында - 8 мектеп, 15 балабақша, Екібастұз қаласында - 28 мектеп, 26 балабақша және 18 басқа ұйым қамтылады. Жобаны облыстың білім беру ұйымдарына енгізуге 58,8 млн теңге бөлінді", - деді  Жомарт Қарамбаев.

Аталмыш бағдарламалық өнімнің артықшылығы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және еліміздің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін стандартты баптаулары бар бірыңғай бұлтты платформа құру болып табылады.

Бағдарлама бірыңғай жүйеде бухгалтерлік есепті, бюджеттік жоспарлау мен қаржыландыруды, контингент пен кадрларды, оқу-әдістемелік қорды, құжат айналымын, шаруашылық есепті жүргізуді қамтиды. Ол үшін Павлодар қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығына сервистік қызмет көрсету, пайдаланушыларды оқыту сияқты тиісті инфрақұрылым бар.
Өзгелердің жаңалығы