Елорда көшелерінде қозғалыс ішінара шектеледі

29 Мамыр 2019, 22:01
1780
Бөлісу:
Елорда көшелерінде қозғалыс ішінара шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 маусымында «Қазақ Елі» бас алаңында елорда тұрғындарының қатысуымен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

"Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруіне байланысты 2019 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым күндері сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласында келесі көшелер бойынша қозғалыс шектеледі: Тәуелсіздік көшесі мен Нәжмеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін; Аманжолов көшесі Байтұрсынов көшесінен Нәжмеденов көшесіне дейін; Нәжмеденов көшесі Аманжолов көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін", - деп хабарлады әкімшілік полиция басқармасы.


Өзгелердің жаңалығы