Назарбаев: Біз әскери киімдерді импорттаймыз. Ұят

29 Мамыр 2019, 14:41
2654
Бөлісу:
Назарбаев: Біз әскери киімдерді импорттаймыз. Ұят
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО аясында мемлекеттер үшін тиімді болатын бірнеше ұсынысты айтты.

Назарбаев ЕАЭО ауқымы кең, тіпті территориялық кеңістігінің үлкен екенін алға тартты.

«Біз Совет одағы құлағаннан кейін өз мемлекеттерімізді құрдық, қиын кезеңде бір-біріміз қолдадық. Мен сіздерді жақын және сенімді  достар деп айта аламын және сіздер үшін де сондай болғым келеді... 2014 жылдың 29 мамырында Қазақстан астанасында Белорусь-Қазақстан-Ресей алғаш рет Еуразиялық экономикалық кеңес  туралы келісімге қол қойды. Оған 5 жыл толып отыр. Біздің территориямызда болмаған ерекше экономикалық одақ құрдық. Біз оны үлкен территорияда – 20 млн шаршы километр – әлемдегі құрғақ жердің 14% құрайтын жерде құрдық. 5 елдің мүмкіндіктерін біріктірдік. Біз әлем бойынша мұнай шығарудан  бірінші орынды аламыз. Сонымен қатар, басқа да салалар бойынша алда келеміз. Яғни, мұндай  көрсеткіштермен мақтануымыз керек», - деді Елбасы.

Назарбаев: Біз әскери киімдерді импорттаймыз. Ұят

Ол атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, өткен жылдың өзінде елдер арасындағы сауда айналымы 60 млрд доллар болғанын жеткізді.

«Біздің елдеріміздегі жалпы халық саны 184 млн адам бар. Бұл – тұтыну нарығы бар үлкен нарық. Егер біз жақсы жүйелеп жұмыс істесек, бізге сыртқа шығудың қажеті жоқ. Ішкі нарық жеткілікті. Өткен жылы  елдер арасындағы сауда көлемі 9,2% немесе 60 млрд АҚШ долларын құрады. Біздің бизнес қауымдастығымыз ЕАЭО мүмкіндіктерін пайдалануда. Қазақстанның өзінде 11 мың кәсіпорында біздің бизнес құрылымда жұмыс істеп жатырмыз. Біз ЕАЭО-ның тиімді инфрақұрылымын жасадық. Нормативтік-құқықтық базасын жүйеледік», - деді Назарбаев.

Елбасы бүгінде ЕАЭО-ға әлемнің бірқатар елі қызығушылық танытып отырғанын айтып, одақтың потенциалы жоғары екенін білдірді.

«Бүгін біз ЕАЭО-ны халықаралық мойындау туралы айта аламыз. Бірнеше елмен еркін сауда алаңы құрылып жатыр. Біздің кеңеске әлемнің 40-қа жуық елі қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, ЕАЭО жұмыс істеп бастаған кезі геосаяси қысымның өсуімен, санкциялар енгізумен сәйкес келді», - деді ол.

Назарбаев ЕАЭО-ның одан әрі белсенді жұмыс істеуі үшін бірқатар ұсынысын алға тартты.

«Бірінші. Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық пішінін кеңейту, интеграция идеясын нығайту. Бізге ЕАЭО және Еуропалық одақ, ШЫҰ, АСЕАН-мен толыққанды экономикалық ынтымақтастық орнату қажет. Егер біз бірігіп, бір бағытта жұмыс істейтін болсақ, аталған идеяларды жүзеге асыруға болады. Еуразиялық кеңістіктің мағынасы жабық пішінде жұмыс істеу емес, керсінше, ашық түрде жаһандық өзара қарым-қатынаста жұмыс істеу.

Екінші. Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ЕАЭО-ның логистика мен инфрақұрылым бағытындағы әлеуетінің ажырамас жалғасы деп тану. 

Бұл бастаманың бізге әсері мен айтылатын наразылықтарды білеміз. Сондай-ақ, біз оны реттеп, біздің елдерге оң әсер беретін жолды да таба аламыз. Бұл бізге мол экономикалық әсер береді. Ұйымның ішкі және сыртқы мақсаттарын жүзеге асыру үшін жұмыс істейді. Біздің елдер тиімді географиялық орынға ие бола отырып, бірлескен ірі жобаларды жылдамдатуы керек. Ол үшін біздің елдердің қуатты базасы бар. Мәселен, Қазақстан бірқатар ауқымды әрі халықаралық жобаларды жүзеге асырды. Соңғы 10 жылда көліктік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд-қа жуық доллар инвестицияланды. Бұл бізге 5 темір жол, 6 автомобиль халықаралық бағытын ашуға мүмкіндік берді. Солтүстік және Оңтүстік бағытьын дамыту мақсатында «Қазақсатн-Түрікменстан-Иран-Парсы шығанағы» темір жол бағыты ашылды. Ляньюнган портында логистикалық терминал салынып, Каспий теңізінде «Ақтау порты» солтүстік бағытта көлемі 26 млн тоннаға кеңейтілді, оның солтүстігі арқылы Кавказ бен Еуропаға, оңтүстігінен Иранға бағыт алуға болады. «Құрық портында» ауқымды паром кешені салынды.

Үшінші. Ақылды интеграция импорты.  Біз нені импорттайтынымызды талдап алуымыз керек. Ойланайық. Жақында мен осыны ойланып көрдім. Біздің Қазақстанның құрылымын қарадым. Инфляцияның 50% осы тауарлардың импортынан аламыз. Ал нені импорттайтынымызды қарасақ, өзіміз шығаратын заттарды импорттайды екенбіз. Егер біз өзара қарастырып, кейін бір-бірімізбен бөліссек, көреміз. Біз машина құрылысының өнімдерін, туфли, шұлық, жейде импорттаймыз. Біз өңдеудің жетіспеушілігінен өзіміздің азық-түлігімізді эскпорттаймыз. Кез келген  сүт, ет өнімдерін импорттаймыз. Бірақ бұлардың барлығы өз елдерімізде өндіріледі ғой. Неге осының барлығын өзіміз шығармасқа?!. Комиссия аясында осыған талдау жасайтын адамдар тобын құрсақ. Олар талдау жасап: сүт Белорусь, Ресейде өндіріледі, бидай Қазақстанда өндіреді т.б. дегендей анықтап берсін. Біз тіпті әскери киімдерді импорттаймыз. Ұят. Сондықтан  қаржы әкелетін және жұмыс орнын ашатындай нарықты қалай кеңейтуге болатынын қарастыруымыз керек. Келесі. Кеңес аясындағы барлық елді біріктіретіндей жобалар керек. Мысалға, Концерн Эйрбастың ЕуроОдақпен байланысы. Олар ядро болып келеді.  Біздің бірігуімізде Ресейдің өндірістік және техникалық потенциал ретінде орны ерекше екенін айта кеткен жөн. Бізге де осындай ортақ жобалар туралы неге ойланып көрмеске. Бізге  ішкі аймақтық ұшақтар керек. Жақын жерлерге ұшатын керек. Бізге ауыл шаруашылығына да авиация жеткіліксіз.

Төртінші. Бізге «сауда соғыстары жағдайында» нарықтарды жаулау бойынша жаңа стратегия керек. Қазір уақытша санкцияларға байланысты АҚШ пен Қытай арасында тауар айналымы бөгелді. Неге бізге осы сұранысқа кіріп, өз тауарларымызды ұсынбасқа. Осы және басқа ұсыныстарды ескере отырып, 2025 жылға дейін жол картасын әзірлеуді ұсынамын», - деді Елбасы.

Назарбаев: Біз әскери киімдерді импорттаймыз. Ұят

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО аясындағы елдерде кедендік істер мен көші-қонға қатысты жұмыс істейтін шенеуніктерге президент деңгейіне шығармай мәселелерді шешу керектігін айтты.

«Бүгін мен осы отырыста президент ретінде емес, Кеңестің құрметті төрағасы ретінде қатысып отырмын... Аз уақыттың ішінде біз ауқымды жұмыс атқардық. Елдер Үкіметері мен ЕАЭК комиссиямен бірігіп көптеген жұмыстарды атқарды. Біздің институттардың негізгі қызметі экономикалық мақсаттарға шынайылық болуы керек. Барлық шешімі экономикалық мақсат тұрғысынан шешу керек. Кедендік істер мен көші-қонға қатысты жұмыс істейтін шенеуніктерге президент деңгейіне шығармай мәселелерді шешу керек. Бір-біріне ор қазбай, шешу керек. Ұйымның жұмысына табыс тілеймін», - деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы Армения Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр.

Жиын басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы» деген атақ берілді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа статусы жай ғана сыйлық үшін берілген жоқтығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы