Тағы екі спортшымыз 4 жылға спорттан шеттетілді

29 Мамыр 2019, 16:59
2141
Бөлісу:
Тағы екі спортшымыз 4 жылға спорттан шеттетілді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым салынған дәрі-дәрмек қолданған спортшылар тізімін тағы да жаңартты. Нәтижесінде тағы екі спортшымыз спорттан шеттетілген. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

«Ресми сайттағы тізімде каноеші Валерия Копущу мен ММА өкілі Әсем Жәкенованың қан сараптамасынан тыйым салынған дәрілер табылғаны көрсетілген. Валерия Копущудің сынамасынан қолдануға тыйы салынған оралтуринабол табылды. Сынама жарыстан тыс кезде алынған. Спортшы 4 жылға жарыстардан шеттетілді. Ал Әсем Жәкенова мельдоний қолданғаны үшін төрт жылға үлкен спорттан аластатылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортта допинг қолдануға нөлдік төзімділік бағытын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау туралы ұстанымын толығымен қолдайды.

Өзгелердің жаңалығы